Өлеңдер ✍️

  28.03.2022
  109


Автор: Абдрахман Асылбек

Сот пен айыпкер

– Әкеңнің аты?
– Саудабек.
– Өзіңнің атың?
– Алмабек.
– Жасың нешеде?
– Жиырма үшке толдым кеше мен.
– Білімің?
– Дипломдының бірімін.
– Қандай қызметтесің?
– Жұмыста жоқпын.
– Онда не істейсің?
– Түнде жортып үшке дейін,
Ұйықтап жатамын түске дейін.
– Одан кейінгі тірлігің?
– Айтайын бар шындығын:
Достармен топтасып жүреміз,
Кафе, барға кіреміз.
Айда, келіп ішеміз,
Нарттай қызып ісеміз.
Ән саламыз, билейміз,
Бір-бір қыздан сүйрейміз.
Босап жүйке-жүйеміз,
Шолпылдатып сүйеміз.
–Жұмыста жоқ баласың,
Ақшаны қайдан аласың?
– Еһе, сол да сөз боп па?
Менде көз жоқ па?
Әкем болса кәсіпкер,
Мен дегенде ашық қол.
Менен ақшысын аямайды,
«Шаң жуытпай» аялайды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу