Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  249


Автор: Абдрахман Асылбек

Мен сені қалай көрдім

Мен сені қалай көрдім,
Қасыңа жанай бердім.
Жалт еткен жанарыңмен
Жаныма арай бердің.
Қыздарды талай көрдім,
Саралап санай бердім.
Ерекше бір өзіңе
Қадалып қарай бердім.
Білмеймін, қалай көрдім?
Қасыма қалай келдің?
Мерейлі нұр жүзіңе
Келеді қарай бергім.
Мен сені қалай көрдім –
Бағыма балай бердім.
Сүйкімді сымбатыңа
Келеді қарай бергім.
Мен сені қалай көрдім?
Еркіңе қалай көндім?
Келісті келбетіңе
Келеді қарай бергім.
Мен сені қалай көрдім –
Салтанат сарайға ендім.
Перизат періштеме
Өзіңді балай бердім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу