Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  230


Автор: Абдрахман Асылбек

Жазушылар одағы тұрмас мәңгі

Жазушылар одағы тұрмас мәңгі,
Тұрғанымен ешбір іс қылмас мәнді.
Таланттарды туралап тани алмас,
Жасағанмен біреуге «бір бастанғы».
Біреулерді өзіне қаратушы,
Атақ, сыйлық секілді таратушы.
Көрінгенмен сырт көзе жарылқаушы,
Әділ баға беруші Жаратушы.
Көмек сұрап біреуден, қозғап әнді.
Қаламадым жалынып, боздағанды.
Мен қазірше елеусіз жүргеніммен,
Түбі өлмес білемін өз бағамды.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу