12.03.2022
  4374


Автор: Көрісу күні, Амал мерекесі

14 наурыз көрісу күні

Көрісудің күні бұл, қуанатын,
Бар жақсыны шынайы құп алатын.
Құшақтасып, амандасып бір-бірімен,
Қазақ халқы күлімдеп қол алатын.

— Аташым, деп бір жасыңыз құтты болсын,
Үлкендерге сәлем берер жастарымыз.
Дастархандар жайылып шын ниетпен,
Қауышын жалғай түсер ақ таңымыз.

Амандықта қыстан шықтық, құтты болсын,
Саулықтарың мықты боп, беу халайық.
Сыйластықта, амандықта әр жыл сайын,
Әр көктемде осы күнді қарсы алайық!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу