Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  102


Автор: Абдрахман Асылбек

Жалт етіп қара көзің, көп қарадың

Жалт етіп қара көзің, көп қарадың,
Сол бір кеш жүрегіме от қаладың.
Қиылып сонша неге қадаласың?
Ұқсатқан маған, әлде жоқ па адамың?
Ұқсатқан маған, әлде жоқ па адамың?
Өзіңсің, бірақ, менің тоқтағаным.
Толқысаң туған айдай таң алдында,
Келеді төсіңе гүл-шоқ қадағым.
Келеді төсіңе гүл-шоқ қадағым,
Өзіңсің аңсап келіп тоқтағаным,
Қадалса қара көзің қарақаттай,
Сол замат шын бақытты боп қаламын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу