02.03.2022
  114


Автор: Сұлтан Оразалы

ШАТҚАЛАҢ

(М. Əуезов повесi бойынша жазылған телеинсценировка)


 


Б I Р I НШ I КӨР I Н I С


 


«Талдыөзек» колхозының қой фермасының май сақтайтын базы. Сахнадан баздың үлкен есiгi мен оның кiре берiс босағасы көрiнiп тұрады. Таң атып келе жатқан мезгiл. Босағада ұйықтап жатқан Шəлтiк əлденеден шошып оянады. Тымағының бiр құлағын көтерiп тың тыңдайды. Ұлыған қасқыр дауысы естiледi.


ШƏЛТIК: Қасқырдың ұлыған үнi ме? (тыңдап көредi)


Дəл өзi!.. Уа, hо-ой, hайт-hайт! Айтақ, айтақ!…


Қай жақта екенiнде нем бар? Соғып алсам деймiн бе, мұндар басым… Шiлденiң күнi ғой, кiсi жемес, көнiң кепкiрдiң əзер көнi кеуiп қалса да…


(Қасқырдың ұлыған дауысы жақыннан естiледi.) Қораның төбесiне жатсам ба екен? Қой осы кəпiрден құлап шонданайым сынар мүлде… (Тағы да ұлыған қасқыр үнiн құлағын түре тыңдап алып) Əй, тұқымың құрығыр, омай өнесi екен, қайта-қайта шулап. Ал жеп қоярсың… Жей ғой мə, мына менiң қатқан көн терiмдi… (Баздың iшiнен салдыраған дыбыс естiледi. Шəлтiк ақырын барып сығалап көрiп, есiктi тарс жабады) Құлқының құрығыр, осында бiр қазына жатыр, құйрық жатыр деп жүрсiң ғой… Ал ендi, бəлем, жаман шие бөрi, Шəлтiктi сен жер ме екенсiң, сенi Шəлтiк жер ме екен? Қой ойбай, колхозға жүгiрейiн.


(Шəлтiк жүгiрген бойы сахнаның екiншi төрiнен көрiнген үйдiң те- резесiн қағады. Iштен көйлек-даңбалшаң қалпында Қатпа шығады.)


ҚАТПА: Е, қу шал, құтырып кеттiң бе, не болды?


ШƏЛТIК: Несiн айтасың, қарағым Қатпажан… Екi қасқырды баз


iшiне байлап сап келдiм.


ҚАТПА: Сол ма, жынданған шығарсың өзiң…


ШƏЛТIК: Қарағым, қасқыр, қасқырды өлтiрiп алатын кiсi керек… ҚАТПА: Бар, ана Жүнiске айт, ұстап əкелсiн де…


ШƏЛТIК: Бiреу де емес, тiптi екеу ғой, екеу… (жан-жағына бақырып)


Ей, Садық, Бейсенбай, тұрсаңдаршы, омалмай, қасқыр шапты, қасқыр! Жүгiрiп келген Садық пен Бейсенбай Шəлтiкке ерiп базға келдi.


Баздың есiгi берiк, бiрақ кiшкене ғана терезесi қирап қалған. Садық терезеден үңiлiп қарайды да, жерге бiр түкiредi.


САДЫҚ: Түу, құдай ұрғыр Шəлтiк-ай, ұйқыдан қалдырдың ғой… ШƏЛТIК (қысылып): Мына қолыммен қамап кеткем. Ойбай белiм…


Бастырмай қалды. Шойырылып қалды. Қуарған тəңiр, қырсығыма келген екен ғой… Белiмнен аттап кеткен екен ғой… Белiнен қасқыр аттаса тұра алмай қалады деушi едi. Осы, мiне, сол болды, сорым бар басым…


БЕЙСЕНБАЙ (Садыққа көзiн қысып): Қап, Шəке-ай!.. Болған ендi сол болғаны-ау… Ендi тұра алар ма екенсiң?..


 


ШƏЛТIК: Əрi құтылып кетiп, əрi қырсығы тиіп тұрғанын көр- меймiсiң! Кəпiрдiң өзiн осы қолыммен тығып, мiне, мынаны iшiне бастырып кеткем… Ендi мiне, белiмнен аттап.. кедейдiң аузы асқа тисе мұрны қанайды деп, белiмнен шойырылып… (Баздың есiгiн жұды- рығымен түйгiштейдi. Келгендер күлiседi.)


САДЫҚ: Ал ендi бiз кеттiк, ақсақал. Есiгiңе берiк бол!


ШƏЛТIК (Сұқ қолымен ымдап шақырып): Уа, бастыққа айт, қасқыр аттап, мiне, белiм шойырылып қалды. Кiсi жiберсiн. Колхозшы шал аштан өлсiн деп пе едi? Кiсi, кiсi жiберсiн!


БЕЙСЕНБАЙ: Айтайық, жiберейiк! Тек ендiгi келген қасқырдан айырылып қалма!… (Кетедi.)


Шал күйбеңдеп қорасын сырттай барлап шығады. Есiгiн қайтадан ашып қояды. Өзi жатқан жерiн жайлап салады. Тымағының бауын жоғары байлап, əр дыбысқа елеңдеп сергек отырады. Осы кезде Айша келедi.


ШƏЛТIК (Көңiлi жадырап): Немене қасқырдың хабарын естiдiңдер ме. О, кəпiр, мүлде қылды ғой қыласыны…


АЙША: Ана бiрiншi базға барып жаңа ғана қайтып едiм. Əкең сырқат көрiнедi, түнде қасқырдан шошыған ба, немене, барып соның жайын бiл жəне баздың iшi бүлiнбедi ме екен, соны байқа деген соң келдiм.


ШƏЛТIК: Е, бүлiнетiн iшiнде дымы жоқ қу моланың несi бүлiнушi едi. АЙША (Жымиып): «Баршы, бар деп» қолды-аяққа тұрғызбады. Қатпа неғып сонша жеделдеткенiн бiлмеймiн. Түнде қайтарыңда қараңғы болады ғой. Қорықпас үшiн мынаны салып ал деп мына бiр


алты атарды бердi.


ШƏЛТIК (Мылтықтың алқымынан қаға берiп): Оқтаулы ма өзi? Əрi кəпiрдiң аузын əрман қарай… Қарағым Қатпа маған жаны ашыған екен ғой, мынауың адам екен ғой…


АЙША: Мен баздың iшiн қарап шығайын. (Айша есiкке жете бергенде сырттан бiрнеше адам көрiнедi.) Беттерiн аузына дейiн ора- малмен байлап алған. Мойындарына асынған мылтықтары бар. Олар Айшаны байқамайды. Айша баздың iшiне жасырынады. (Шəлтiк сас- қалақтап сескене үн қатады.)


ШƏЛТIК: Уа, кiмсiң, жандарым?


ЖҰҚА ЖIГIТ: Құлайғыр! (Жанындағы жiгiтке Шəлтiктi нұсқайды. Ол тап берiп шалды алып ұрып, қолындағы пышағын жанып алып, кеңiрдегiне таяды.)


ҚҰЛАЙҒЫР: Айт жаныңның барында, кiмсiң? Қай колхоз- дыкiсiң?


ШƏЛТIК (Есiн жиып): Талдыөзек колхозынанмын, о несi екен. ҚҰЛАЙҒЫР: Өзiң кiмсiң, айт шапшаң?


ШƏЛТIК: Өзiм осы қуарған базды, қу моланы күзеткен жаман ш-шалмын, қарауылшымын. Шəлтiкпiн. Ал Көбiгiппiн.


ҚҰЛАЙҒЫР (Шəлтiктi орнынан тұрғызады): Колхоздан былтыр көшiп кеткеннiң бəрi қайта кеп жатыр ма? Рас па?


ШƏЛТIК: Е, келiп орын-орнына жайғасып, бəрi де адам боп қалды.


 


ЖҰҚА ЖIГIТ: Келгеннiң көбi кiм: Алтыбай ма, Жəрке ме?


ШƏЛТIК: Е, Алтыбайы да, Жəркесi де кеп жатыр… Шырағым, өзiң де бiледi екенсiң ғой. (Жұқа жiгiт жүзiн көрсетпей бұрылып кетедi.) Апырай, мынаның дауысы таныс тəрiздi-ау.


ҚҰЛАЙҒЫР: Колхозшы ендi тоқпыз, жетiстiк дей ме, iшiм-жем жеткiлiктi ме?


ШƏЛТIК: Ақ молайды, колхоз ортасында мал көп, жекеменшiкке де шетiнен сиыр берiп, қой берiп, адам қып жатыр. Бүгiн қайда, адам боп кеттi, тек еңбек еткеннiң жаманы жоқ.


ҚҰЛАЙҒЫР: Ал өзiң ше, қарық болғанның бiрi сенбiсiң? Жетіскен екенсiң қу далада қу тiзеңдi құшақтап. Не айтасың?


ШƏЛТIК: Шүкiр, мен екеш мен де аш емеспiн, құдай кəнеки… ҚҰЛАЙҒЫР: Тiптi арманың жоқ па?


ШƏЛТIК: Жалғыз осы киiм жағы тапшылық қып тұр. Менiң де еңбегiм аз емес едi. Осы мына базды бар ма? Мен қаздым. Мiне, ендi күзет. Киiм сұрасаң аласың, əне-мiне дейдi. Бiлмеймiн, түбi бас- тықтардың не ойлап, не қойып жүргенiн…


ЖҰҚА ЖIГIТ: Бұл қорада жалғызбысың, жоқ қасыңда кiсi бар ма?


ШƏЛТIК: Жалғызбын, жалғыз емей, өзiм қарауылшықпын, менi кiм бағушы едi?..


ЖҰҚА ЖIГIТ: Шыныңды айт, əлде тағы басқа бiреуiң бар шығар?


ШƏЛТIК: Е, бұйырмасын… Кiм болушы едi? Бұйырмасын… Түнде белiмнен қасқыр аттап кетiп, тапжыла алмай отырмын. Соған колхозға барып азық əкеп беретiн де кiсi жоқ…


ҚҰЛАЙҒЫР: Шал, шыныңды айт, колхозда асыл тұқымды қой, ешкi бар дейдi. Ол қанша… биылғы төлдiң өсiмi қалай болды?


ЖҰҚА ЖIГIТ: Жиырма бес түйе бар дегенi рас па? Олар күндiз қайда жайылады, түнде қайда жатады. Бақташы бар ма, нешеуi боталады?


ШƏЛТIК: Е, мал өсiмi жақсы. Түйе де тегiс аман боталады. Бұл өлкедегi ең түйелi ауыл осы бiздiң колхоз. Ал оларды қайда жайып, қайда түнетiп жүргенiн қу далада жатқан шал қайдан бiлсiн… бiлмеймiн…


ЖҰҚА ЖIГIТ: Шал, бiз саған тимейiк, бағанадан бергiмiз əншейiн… Ендi бiз де осы колхозға қайтып келген осы маңның адамдарымыз, сен бiзге бiр қызмет iсте. Колхозыңның бастығы бар ғой?.. Кiм едi аты?


ШƏЛТIК: Осы күнде орынбасар ғой… Қатпа. Бастық қалаға жиынға кеткен.


ЖҰҚА ЖIГIТ: Ендеше сол Қатпаға барып айт. Бiз де қайтып оралған, ауып кеткендермiз. Бiзге бiр тiлдессе, жөн-жосығымызды естiсе, содан барып бiз колхозға кiрсек деймiз, осыны өзiне ғана барып айтып кел… Жарай ма?


ШƏЛТIК: Е, жарайды шырағым, мақұл. (Белiн басып ыңқылдап орнынан тұрады.) Кəпiрдiң аттап кеткенiн қарашы. Белiм-ай… (Бөтен адамдардың өзара сыбырласып жатқан сəтiн пайдаланып, қораға кiрiп кетедi.) Айша қайдасың? Бiлдiң бе, жау болу керек. (Шəлтiк қараңғыда Айшаны қағып кетедi. Айша қолындағы алты атарын түсiрiп алады.)


 


АЙША: Е, сорлы шал… Қылдың-ау, ойбай! (Жердi қолымен сипалай бастайды, таппайды). Жау деймiсiң, кiм екен?


ШƏЛТIК: Е, қайдан бiлейiн, бетiн шарт таңып алыпты. АЙША: Тəңiр алсын, əке!


ШƏЛТIК: Уа, кiм, сығыр-ау! Қатпаға хабар айт дедi ғой, кетейiн, не де болса хабар етейiн. (Бұрыла бергенде бетiне жарық түседi. Қарсы алдында тұрған жұқалтаң жiгiт Сүгiр болып шығады.)


СҮГIР (Кекесiнмен): «Жолы болар жiгiттiң жеңгесi шығар алдынан» демекшi, менi тоса келдiң бе, Айша!


ШƏЛТIК: Сүгiр!


АЙША (Бойын жиып): Тоссын деп кетiп пе едiң, қашқын болғанда.


СҮГIР: Жоқ, тосқан болмасаң, бүгiн мұнда келмес ең, əлде тəңiр бұйрығы əкелдi ме қайта өзiме.


АЙША: Мен тiршiлiгiн адалдан тiлегендермен бiрiккем… Кетерiңде арамыз шешiлген-дi…


СҮГIР: Жоқ, шырағым. Мен өткелектен өтiп, сонау Қытайдан текке келгем жоқ. Сүгiр намыскер жiгiт… Сүгiрдiң қатыны көзi тiрiсiнде жатқа кетпейдi… Сен менi бiр рет жер қылдың. Ендi сен жөнiңе көш, болмаса сөз бұзылады.


АЙША: Мен мынау шал əкеммен ашығып, қайыр тiлеп жүрiп, ақыры, мiне, колхоздан пана таптым. Ендi орным осында. Өзiмдей еңбекшi бейнетқордан теңiмдi таптым.


СҮГIР (тепсiнiп): Жəркенiң жесiрiн көзi тiрiсiнде сасық Алтыбай ал- ғанын көрiп пе ең? Ие келсе, қоңсы орын босатады… Өз қатыным. Мен байың. Көзiңдi ашып қара… Килiгiп көрсiн, бiр түнде кестiрiп кетейiн…


АЙША: Жоқ жарқыным, ендi басымды əурелеме!


ШƏЛТIК (Айшаны түйiп қалып): Көзiң құрығыр, кiммен сөйлес- кенiңдi көрмей тұрсың ба, түге, мен берген байың осы. Осыныкiсiң…


АЙША (Бетiн басып отыра бередi): Жоқ… Жоқ… Өлсем де жоқпын саған…


(Сүгiр Шəлтiктi баздан алып шығып оңашалайды.)


СҮГIР: Ата, мен Сүгiр балаңмын. Туысым бар деген ниетпен келiп ем. Артымнан бəрi жау болып өре тұрыпты. Сол аямас жауымның бiрi ана колхоз бастығы Қатпа ғой. Менiң барар жер, басар тауым жоқ. Жау да болса өзiне қайта кеп тұрмын. Адастым, бiрақ қайта келдiм. Бiр Жəркенiң баласы ек. Өзiне ғана хабар айт. Не қылса да өз қолымен өзi iстесiн. Осы арада хабарын тосамын.


ШƏЛТIК: Құп қарағым. (өзiне-өзi) Қатпаға барам ба, басқаға барам ба? Жаңа келген адам болса да көпке қайырымы, қабағы бөлек анау Самат едi. Мынау таңертең қасқыр хабарын айта барғанымда да дүңк ете түсiп едi… Қой, Саматқа барайын… (кетедi).


СҮГIР: (қораға қайта кiредi). Əй, сенде ең əуелi қару болуы керек.


Ол қайда? Берi əпкел соны!


АЙША: Қаруы не? Оны кiм айтты? Менде қару жоқ. СҮГIР: Айша, əдейi келдiм, өзiм əкетемiн?


 


АЙША: Жоқ, жарықтығым, ендi сенiмен менiң үш қайнатса сорпам қосылмайды.


СҮГIР: Бар жауабың осы ма, жоқ, жөнге көшемiсiң? АЙША: Басқа жауабым жоқ.


СҮГIР (Айшаға тап берiп, оны жерге жығады да, қолын артына қайырып шылбырмен байлап тастайды):


Тимейсiң ғой, жаңа бай тапқан неме? Тимейтiнiң рас, өйткенi сенi өзiм де алмаймын. Қылығыңа қарағанда кегiмдi мен басқа түрлi қып алам… Бiраздан соң ат көтiне сап алып кетем. Менiмен бiрге Қытайға барасың. Сонда қатын үстiне кəрi шалға малға сатамын. Мiне, менiң саған iстемек боп келген үкiмiм осы болатын… Осыны iстемесем ит болайын… сертiм осы.


(Айша үндемейдi. Сүгiр баздың есiгiн сыртынан жауып кетедi. Айша орнынан тұрып, қолын шешуге əрекет етедi. Қолы қан. Бiр жығылып, бiр тұрып жанталасады.)


 


ЕК I НШ I КӨР I Н I С


Ферманың орталығы. Алыс фоннан мал қоралары көрiнедi. Бiрiншi планда ферма кеңсесi. Маңдайшасында «Талдыөзек» колхозының №1 мал фермасы. Кеңсе» деген жазу көрiнедi. Есiк алдына ұзын орындық қойылған. Кiрiп-шығып жатқан адамдар бар. Дабырлай сөйлеп Дəметкен келедi.


ДƏМЕТКЕН: Жаратқан сұмдық-ау, бұл не?! Сауайын десем, ана қойдың да, мына қойдың да желiнi қаққа бөлiнiптi.


I ƏЙЕЛ: Сығыр шұнақ, менiң қойымның да желiнiн тiлiп кетiптi… II ƏЙЕЛ: Ойбай, мұнда да сол.


III ƏЙЕЛ: Келдi ғой тағы бiр пəле…


САДЫҚ: Ойбай, ұрған екен қырсық. Мынау жаудың қолы ғой. Асыл қошқарларды да тартып кетiптi.


ЖАМАЛ (жылап): Қайран көзiмдi ашқан колхозым, тағы не күн туа бастады басыңа?


ДƏМЕТКЕН: Уа, қой əрi ырбимай, қайда əлгi охраны, қайда бас- тықтар?


I ƏЙЕЛ: Масқара, отыз қой мен ешкiнiң желiнi тiлiнiп қапты. III ƏЙЕЛ: Көрiңде өкiргiр, қандай ғана дұшпан екен…


ҚАСЕН: Сорлы болған басым-ай, маған келген қаза ғой мынау.


Бүйткенше өлсем еттiм.


САДЫҚ: Əттең, осы дұшпанды қолға берсе-ау…


БЕРДI: Ел боп кеттi, жұрттың алдына түстi дегендi көре алмаған жау ғой… Нағыз қанды көйлек бай-бандының iсi бұл…


САДЫҚ: Ал жау… Бiрақ бұл қайдағы жау? Сырттағы ма, iштегi ме?


Қайдан сап еттi?


ЖАМАЛ: Охран қайда? Төбесiнен ұрғырлар ненi қарады?


Үстiнде тап-таза ақ көйлегi, жанында тапаншасы бар, сұлуша


 


келген қара жiгiт Самат келедi. Ол еңкiлдеп жылаған Қасендi көрiп тоқтайды.


САМАТ: Ой, мынаныкi несi? Бала боп кеткенсiң бе, Қасен, ə? ДƏМЕТКЕН: Қайтсын байғұс, күйген ғой. Охран ғой.


САМАТ: Ой, тəңiрi, жаман неме екенсiң ғой өзiң. Бұл апат үшiн жауап беретiн жалғыз өзiң деп отырмысың? Алдымен жауап беретiн мына мен. Не көрсең де менiмен бiрге көресiң, ол – бiр. Екiншi – кеңес өзiнiң колхозшы батырағына сенедi. Жерге тастай алмай жүрген Қасендерi жоқ. Сен қайдан шықтың, кiмсiң? Оны жұртшылық бiледi. Қой, қазiр мына сұмпиған пiшiнiңдi Айша көрсе, не дейдi? Ұят-ай! Айтқандайын, Айшаның өзi қайда?


ЖАМАЛ: Ол көршi фермаға кеткен.


САМАТ: Ал, жолдастар аптықпай, саспай өздi-өзiңнiң жұмысыңа барыңдар… Мұндай-мұндай қиыншылықтар болатын. Бiрақ бəрiнiң де төркiнi табылып, күлметi ашылатын. Кеңес еңбекшiсiнiң алғаш көрген қоқайы бұл емес, болды сол…


КОЛХОЗШЫ (аптығып): Жеткенiм осы. Түйелер орнында жоқ.


Iздеп-iздеп таппадым.


Қатпа келедi. Өңi суық, қарашұбар адам.


ҚАТПА: Есiттiк жайды. Бұл бiр кiсi емес. Шайканың iсi. Мұнда ұйым бар.


САМАТ: Кiм бiлсiн? Қайда, кiм iстегенiн?


ҚАТПА: Кiм бiлсiнi жоқ. Бай-кулактың ұйымы. Оның бiр тамыры осында. Ендi соның iнiне су құямыз (жұрт тарайды). Садық пен Бердi қалады. (Саматқа) Жə, мұны кiмнен деп бiлесiң?


САМАТ: Кiмге жабыса қояйын қазiр… Бəленше деп бұл сағаттың


iшiнде ешкiмдi де атай алмаймын.


ҚАТПА: Iс сенiң фермаңда болып отыр. Большевиктiк қырағылық қайда? Сезiктi кiсiң кiм? Отырамыз ба ендi жауды еркiне жiберiп? Жоқ, əлде қашқанын күтейiк пе? Бұл шекара екенiн бiлесiң бе?


САМАТ: Олай болса ескi адамсың, өзiңнiң сезгенiң бар шығар, айт, кiм кiнəлi?


ҚАТПА: Бiлмесең мен айтайын. Мына охран бастығы Қасен. Мiне, тап жауының бiр ушығы осында. Қазiр арестке алдыру керек.


САМАТ (Таңырқап) Солай ма?.. (Садық пен Бердiге): Сен екеуiңнiң пiкiрiң қалай?


САДЫҚ: Дəл осылай деуге ауызым бармайды. Өзi қара табан ба- тырақтан шыққан. Өзiмiздiң төменнен өсiргенiмiз. Бiрде-бiр сезiктi жаман қылығы болған кiсi емес.


ҚАТПА: Е, жау саған сездiрiп iстейтiн шығар. САДЫҚ: Кiм бiледi… кепiл болуға бола ма?


БЕРДI: Тергетiңдер. Ақ болса ашылар. Мұндайды тергеу орны аш- паса, кiмнiң көзi жетедi.


САМАТ: Қасен өйтiп құрбандық ететiн кiсi емес, мен қарсымын.


Жаппақ түгiлi, сезiкке алғанға да мүлде қарсымын.


 


ҚАТПА (атып тұрып): Сен өзiң кем қойғанда апартоншыл екенсiң. Мен жауаптылық қарызымды ұмытпаймын. Бұл iстi барарына бар- ғызамын. Қазiр ауданға барамын.


САМАТ: Қасен жабылмайды. Өйткенi басбұзарлыққа жол берiл- мейдi, жолдас…


ҚАТПА: Басбұзарлықшылын, ендеше тамам байды жиып ап, бəрiнiң былығын бүркеп, басқармаға дəнеңе бiлдiрмей, тап жауының қойыртпағын қостап отырған сенiң өзiңсiң.


САМАТ: (кекеп) Кеңеске менен дос шығарсың?!


ҚАТПА: Адыра қал, өмiр бойы бай-кулакпен алысып, осы ауданның тап жауын құртып келген мен емей, сен шығарсың! Бəлем, күлметiңдi ашып, алдымен сенiмен болармын ендеше…


САМАТ: Бар, олай болса, көрiп алдым.


ҚАТПА: Шын жаудың тамырын таптым, болды ендi маған. Өңi жылтырақ жылым құрттай жайлайтын сендей тəттi үндiнiң талайының ініне су құйғанмын мен.


САМАТ: (тапаншасын суырып.) Қысқарт ендi!


Екеуi бiр-бiрiне тап бередi. Садық пен Бердi айырады. (Қатпа мен Самат өшiгулi.)


ҚАТПА: Iсiм сенiмен болсын! Түрме алдында жолығармын. (Шы-


ғып кетедi.)


САМАТ (кеңсеге кiрiп телефон құлағын бұрайды): Аудан ба? Маған Паншин жолдас керек едi. Жылдам қосыңызшы. (Музыка. Труб- каны үнсiз тыңдап тұрады.) Паншин жолдас, бəрiн де түсiндiм. Бұл iске айыпты кiсiлер колхоздың өзiнде болмау керек дейсiз бе? Мен де солай ойлаймын. Бiр-екi күнде айналып соғуы ықтимал. Жақсы, күзеттi күшейтiп, осы жерде тосайын. Дəл солай, екi күннен соң жиылған деректi хабарлаймын… (Трубканы қояды. Жалғыз. Ойлы.) Иə, адамның iшiне кiм кiрiп шыққан. Кiм бiледi? Сыртынан қарағанда кiм жаман? Өзгенi қойғанда, жаңағы Садық пен Бердi де iштерiне күдiк ойлап кеткен жоқ па? Осы жұрттың бəрi де секем алып жүрмесе игi едi…


(Кеңсе алдындағы орындықта Садық, Бердi əңгiмелесiп отыр.


Жандарына Дəметкен келдi).


БЕРДI: Қайсысы дұрыс екенiн қазiр бiлу қиын. Екеуi де бiлмейтiн адам емес...


САДЫҚ: Қатпа Айшаны ылғи жесiрiм-жесiрiм деушi едi, Қасенге тигелі терiс айналған сияқты... Iшiнде не жатқанын құдай бiлсiн.


ДƏМЕТКЕН: Қасенге тигелi менi кекетiп, соқтыға беретiн болды деп Айша талай айтты. Бiрақ мынау iстiң жөнi бiр басқа ғой.


БЕРДI: Колхоз құрылғалы бiрге жасап келе жатқан қу мүйiз, ескi кiсi. Оның үстiне өзi Қатпа.


ДƏМЕТКЕН: Қыры да, сыры да көп қой...


БЕРДI: Онысы көп, қадалса бiрдеменiң тамырын ұстап ап қадалады. Онан соң ақ болсын, көк болсын, кек алмай жiбермейдi. Мұнымен


 


ұстасу да қиын ғой. «Мен мықты, мен пысықпын» дегендердiң талайын алып жеген жоқ па? Бiрдеменiң iзiн шалып түйiлiп жүр ме деймiн.


(Аптығып Шəлтiк келедi. Ол есiк алдындағыларға қарамастан, Саматқа кiредi).


САМАТ: Немене? Не болды?


ШƏЛТIК: Ойбай, қарағым, сұмдық… Сүгiр, Сүгiр кептi, тууу Қытайдан… өздерi төрт адам. Колхоз болса кiрейiк дейдi. Бiрақ түрлерi бұзық. Асынғаны көкпеңбек темiр… Пəле iздеп келген əлпеттi. Өзiмдi ұстап ап кеудеме мiнiп отырып, өлтiрем деп, бауыздарман болды.


(Самат тез телефонды бұрай бастады).


…Жау болсам да алдарыңа кеп тұрмын… Колхоз басқармасына, Қатпаға хабар айт, жауабын осы баздан тосамын дедi… Белiм кеше қасқыр аттап бастырмай, шойырылып қалып едi… Соған қарамастан шапқаным…


САМАТ: Маған жылдам Паншин жолдасты қосыңыз. Паншин жолдас, айтқаның келдi. Жау бiздiң қасымызда, «Талдыөзектiң» екiншi базында… Бiлесiз бе? Иə… Бiз де? Аттанамыз… Қазiр… Бiлемiн.


ШƏЛТIК: Айшаны ұстап басып қалды… Бұрынғы байы ғой, не десiп жатқанын кiм бiлсiн? Бiрақ оған да басында суық келдi. Əйтеуiр түсi жаман.


САМАТ (телефонға): Бiлемiн. Ол қамды өзiм iстеймiн. Бiрақ аз кiсi болсақ та, бiз де қайрат етемiз… Ал көрiскенше!


(Бөлмеге топырлап Бердi, Садық, Дəметкен, Қасен, Жамалдар кiредi.)


САМАТ: Жолдастар, анық жау табылды. БƏРI: О кiм, о кiм?



  • Уа, тiлеуiң берсiн.

  • Қандай ғана ит екен?


САМАТ: Қытайдан кептi. Сүгiр… Қазiр маған Қасен жəне бiр-екi кiсi ерiңдер. Тез ат қамда. Садық, Бердi, сендер басшы боп осында күзетке қалыңдар.


САДЫҚ: Өзге еркек шамалы ғой…


ДƏМЕТКЕН: Бiр еркектен кем болсам бетiме түкiр. Сүгiр иттi аттан өзiм-ақ жұлып алайын. Берi ап келшi бермен… (Винтовка асынады.)


ЖАМАЛ: Иə, колхоздан аяған жанды ит жесiн. (Ол да мылтық асынады.)


БЕРДI, САДЫҚ: Бiздiң де барғанымыз дұрыс.


САМАТ: Жоқ, сендер күзетте қаласыңдар. Ал кеттiк. (Кетедi.)


ҮШ I НШ I КӨР I Н I С


Алғашқы көрiнiс. Қараңғы баздың iшi. Айшаның қолы қан-қан.


Байлаған жiбiн шешiп босанған. Түрi қалжырап шаршаған.


АЙША: Қай арада тұрмын? Есiк қай жағында осы. (Көзi қарауытады. Бiр аттап жүре берiп əлдененi құлатады… өзi де жығылады.) Келдi- ау кесел… Жеттi-ау. (Тыңдайды. Тыныштық. Қайта тұрып, қолын есiктiң тұтқасына iлiндiредi.) У-у-h… Бұл адыра қалғыр да дəрi болды- ау. (Бiр адым кейiн басады.) Осы арадан құлағанмын… Бар болғыр, əке


 


болып игiлiк көрсеткен күнiң бар ма едi. Қақтыққан сорлы деймiн-ау. Менде нең бар едi, өл де маған! (Ойланады.) Сол уақытта тақтай үстiнде ме ем? Жоқ па едi? Алға қарай жылжып көрейiн. (Адымдай бергенде шалыс басып, тағы құлап түседi. Əлде бiр қатты зат қабырғасына батады. Жұлып алады. Алтыатары.) Я, құдай, берерсiң… Бəсе, мен де адамның баласы едiм ғой. (Жүрегi орнына түсiп, қайта тұрып есiктi сипалайды). Байым, бəсе байым екенiң өтiрiк пе едi. Қайдасың ендi? Қайда кеттiң? (Иығымен көтерiп есiктi ашады. Осы кезде кеп қалған көп адамның шуы естiледi. Айша есiктi қайта жауып, саңылау қалдырады да, атысуға дайындалады.) Өзге дүниенi көрмеске, саған ермеске ант еткем… Ал колхоздың мақтаулы ударнигi, шын ударник болсаң, басыңды қорғай бiл. (Айша атып-атып жiбередi.)


СЫРТҚЫ ДАУЫС: Мынау не жаудың дəл өзi, не соның жолына басын байлаған кiсi… Ендi атысып бағыңдар. Алыңдар, осыны.


АЙША: Өлтiрiп аласың, ендi мен саған жоқпын… жоқпын. (Атады. Сырттан да мылтық атылады.) Ə бəсе, бəсе, атсын… Құшағым керек қой менiң саған, мə! Жауыз жауым, өлдiң бе, жоқ па!… (Тағы атады, бiрақ мылтығы от алмайды. Оғы таусылған.) Сорлы басым…


(Осы кезде жұрт дабырлап, «оғы таусылды, ұстаңдар» десiп тақала бередi. Алдында бiр қолынан жараланған Қасен, соңында Самат бастаған топ). Ойпыр-ай, сұмдық-ай…


ҚАСЕН: Ə, жүзiқара, менiң қатыным екен десем, əлi де жау қатыны ма едiң? (Пышағын суырып алып ұмтыла бередi.)


АЙША: Жарығым… жаздым, жаңылдым ғой…


(Етпетiнен құлап түседi.)


САМАТ: (Қасеннiң қолын ұстай алып) Тоқта! Мұнда мəн бар… Былай тұр.


АЙША: Мен сендердi Сүгiр екен деп өлiмге бекiнбек пе едiм… Ол менi зорлықпен алып кетпек боп, осында байлап қамап тастаған жоқ па?… (Қан болған екi қолын көрсетiп жылап жiбередi.)


ДƏМЕТКЕН: Айналайын-ай, бəсе, сен жау болушы ма едiң. Жауыз- дың қара жүзiн көрiп, тағы да шеңгелiне iлiнген екенсiң ғой. (Сырттан ат дүбiрi естiледi. Бəрi де мылтықтарын оқтап тұра қалады.)


АЙША (Қасенге тығылып): Келдi, келдi. Осы келген сол сұмдар.


ҚАТПАНЫҢ ДАУЫСЫ: Əй! Самат, Қасен бар ма? Айтыңдар жөндерiңдi.


САМАТ: Бармыз. Мұнда келiңдер.


(Iшке Қатпа бастаған екi-үш милиция мен тергеушi кіредi.)


ТЕРГЕУШI: Жiгiттер, сiздер ауданға жүресiздер. Iстерiңiз тергеуге алынады. Сол тергеу біткенше сiздердi ұстауға тура келедi.


САМАТ: Мұны iстеп тұрған сенсiң ғой, Қатпа? ҚАТПА: Мен ғана емес, кеңес соты.


САМАТ: Жарайды, тұтқындауың қашпас. Қазiр, мiне, бiзден де гөрi үлкен жауды қуып кеп тұрмыз. Банданы тосып тұрмыз. Əуелi бiрiгiп ап соны ұстайық. Содан кейiн бiздi аласыңдар.


 


ҚАТПА: Жоқ, жоқ, бос сөз керек емес…


САМАТ: Жоқ болса, жоқ. Қазiр тұтқындай алмайсыздар. Өткiзбей- мiз! (Таудан мылтық үнi естiледi. Атыс.)


ҚАТПА: Бұл не?


САМАТ: Ол жаумен атысу. Ол – Сүгiр…


ҚАТПА: (тергеушiге ым қағып.) Ендеше бiз шығамыз.


САМАТ (Есiкке жетiп барып мылтығын оқтайды.): Жоқ, кетпейсің! ҚАТПА (милицияға жалтақтап): Көрiңдер, мiне. Бұлар осы арада менi жауға ұстатпақ ойлары бар. Мынау Сүгiрдiң қатыны. Осы арада байын тосқан… Сендер менiң басымды алып, жемек болған екенсiңдер.


Көрермiн бəлем, кiмдi кiм жегенiн. (Шəлтiк келедi.)


ШƏЛТIК: Е, масқара, бұларың қай тұрыс?.. Əлгi кəпiр қайда? Тым құрыса соны ұстап тұр екен десем. Ойбай-ау, мына жерде мылтық бытырлатып жүрген солар ғой… Ойбай, кеп қалды.


(Паншин бастаған топ кiредi. Артында қолы байлаулы бандылар көрiнедi.)


ПАНШИН: Мiне, барлық iс тəмам болды.


САМАТ: Жеңiсiң құтты болсын. Бiрақ iс тəмам болған жоқ. Менiңше, жаңа басталды. (Қатпаны көрсетiп) Мыналар менi жабуға келiптi.


ПАНШИН: О неғылған чепуха?


САМАТ: Мен осы колхозшылардың iшiнде Қатпа басын құртқанның екiншiсi болғалы тұрмын. Бандылар iстеген кешегi iс туралы ол менi соттатыпты.


ШƏЛТIК: (Қатпаны қағып өтiп, Сүгiрге таяйды.) Жə, Сүгiр, мiне Қатпаң, менi бағана осыған жiберiп едiң ғой, мiне…


КОЛХОЗШЫЛАР: Ойпырай, не дейдi?


АЙША: Менi қолды аяққа тұрғызбай… «баршы-баршы» деп осы базға түнделетiп жiберген сен едiң ау. Көзiң шыққыр, мына жауыз Сүгiрдiң қолына түссiн деп жiберген екенсiң ғой.


ҚАТПА: Оттапсыңдар. Сүгiр менiң кескiлескен жауым. СҮГIР: Жауым десең де амансың ба, Қатпа?


ПАНШИН (милиционерге): Сiздер боссыздар, жүре берiңiздер. Ал сiз, Қатпа Қожалақов, бiзбен бiрге ауданға жүресiз. Сiздердiң бiрiгiп құрған жоспарларыңыз осымен күл талқан болды деп есептеңiз. Шамасы бiр оқпен бiрнеше қоянды қатар атпақ болдыңыздар-ау дей- мiн… Қалған əңгiменi сол жақта сөйлесермiз…


АЙША (Қасеннiң аяғына жығылып): Жаным, кешiре гөр, жаздым, жаңылдым. Ол менiң қанымды қайнатқан жауым емес пе едi. Көзiмдi қарайтқан сол ғой. Сенi, сенiң жолыңды, бар колхоз елiмдi сүймесем, текке қалып па едiм. (Қасен Айшаның шашынан сипайды.)


ПАНШИН: Ал бiз кеттiк. Көрiскенше Самат!


САМАТ: Ие, Паншин жолдас, аспанымыз ашылып келедi ғой. Көрiс- кенше!


Қазақ теледидары,


1977 жыл


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу