02.03.2022
  184


Автор: Сұлтан Оразалы

КӨГIЛДIР ЭКРАН КӨРКI

 


Қазiргi теледидар – сан-салалы, алуан сырлы, өмiрдiң өзi тəрiздi шексiз құбылысқа айналып отыр. Ол бүгiнгi заманның идеология- лық, психологиялық, социологиялық, техникалық факторы ретiнде танылуымен бiрге, көркем бейнелер арқылы көрерменнiң жан-жүрегiне, ой-сезiмiне əсер ететiн өнер саласы болып та қалыптасты. Бұған соңғы жылдары көркем теледидардың қарышты дамуы, көркемдiк қуаты мол


«Көктемнiң он жетi сəтi», «Көлеңкелер тал түсте жоғалады», «Трест операциясы», «Құрыш қалай шынықты», «Революция перзентi», «Сол- даттар мемуары», «Көңiлсiз оқиға», «Күнбе-күн», «Солярис» сияқты көп сериялы телефильмдер мен телеқойылымдар дүниеге келуi жəне телеэкранда көрнектi жазушылардың күрделi тақырыптар мен өмiрлiк проблемаларды ала келiп, телепублицистика мен шешендiк өнердi биiк сатыға көтеруi де айғақ.


Бүгiнгi ұрпақтың көз алдында қалыптасып, өркендей бастаған қазақ теледидарының шаңырақ көтергенiне де, мiне, он тоғыз жылға айналыпты. Халыққа эстетикалық тəрбие беруде, өмiр шындығын көркем бейнелеуде, сондай-ақ əдебиет пен өнердiң таңдаулы үлгiлерiн насихаттауда студия қызметкерлерiнiң атқарып отырған iсi аз емес. Оған осы жылдар iшiнде бiр ғана əдеби-драмалық хабарлар редакциясы əзiрлеген төрт мыңға жуық əр түрлi жанрдағы телехабарларды еске алсақ, мəдениетiмiз бен əдебиетiмiзге, өнерiмiзге қосылған қомақты үлес екенiн байқаймыз. Бұлардың арасында жүзден аса теледидарлық қойылымдар, əдебиет пен өнер, еңбек ардагерлерiнiң көркем портретiн жасаған публицистикалық туындылар, театр мен бейнелеу өнерiнiң сан түрлi мəселелерін көтерген хабарлар баршылық. Оларды жасауға Ғ. Мүсiрепов, Ғ. Мұстафин, С. Бегалин, Ə. Тəжiбаев, Ə. Марғұлан, М. Қаратаев, Х. Ерғалиев, Қ. Бекхожин, Н. Анов, Ə. Əбiшев, Ш. Құ- сайынов, С. Мəуленов, Т. Ахтанов, Ə. Нұрпейiсов, С. Қирабаев, тағы басқа да көптеген ақын-жазушылармен қоса, Ə. Қастеев, Қ. Телжанов, Г. Исмайылова, Р. Сахи, Ə. Мəмбетов, С. Майқанова, С. Қожамқұлов, Ш. Мусин, М. Сүртiбаев, Ю. Померанцев, Е. Диордиев, Ю. Б. Хар- ламова секiлдi өнер шеберлерiнiң сiңiрген еңбегiн айта кету керек. Жалпы бүгiнгi көркем телевизияны жасауға ат салыспаған, өздерiнiң шығармаларымен, ой-пiкiрлерiмен экранға шықпаған белгiлi ақын- жазушы, суретшi мен сахна шеберi сирек. Бұның өзi теледидарға деген ықыласты танытады.


Күні бүгін он бiр миллионға жуық республика көрерменiн қамтып отырған қазақ теледидарының хабарларына қойылар талап өте жоға- ры. Ең бастысы – əрбiр қойылым мен əдеби, музыкалық хабарлар- дың идеялық, көркемдiк сыры миллиондаған көрерменнiң көңiлiнен шығардай болуы шарт. Ол үшiн тынымсыз iздену, теледидарлық өнердiң өзiндiк сыр-сипатын жете игере отырып, көгiлдiр экранға лайықты шығармаларды таңдап ала бiлу қажет. Сондай-ақ бұрыннан


 


көпшiлiк көңiлiне жол тапқан хабарларды одан əрi дамытып, байыту- мен бiрге, жаңа түр, мазмұн iздеймiз. Бұл ретте жұрт көңiлiнен шық- қан телеқойылымдар мен əдеби хабарлар аз емес. «Халық қазына- сы», «Шұғыла», «Творчество», «Сахна», «Қымызхана», «Алтыбақан»,


«Творчестволық портреттер» т. б. циклдар бойынша берiлген хабарлар шағын экранда шалқар өмiр шындығын бейнелеп, əдебиет пен өнердiң келелi мəселелерiн қозғауға зор мүмкiндiктiң барын танытады. Аталған циклдардың кейбiрi («Шұғыла», «Халық қазынасы», «Творчестволық портреттер») соңғы он жыл бойына үзбей көрсетiлiп келедi. Ауыз əдебиетiнiң бай мұрасы мен оның көркемдiк сырын, жанрлық ерек- шелiгiн, идеялық қуатын ашып, халыққа түсiндiруде, сондай-ақ қазiр ел арасында сақталып келген халқымыздың көне өнерлерiн таныту- да, республикамыздың мəдени өмiрiндегi жаңалықтарды насихаттап, соны туындыларға баға беруде, əдебиет пен өнер қайраткерлерiнiң шығармаларын халыққа жеткiзуде бiраз тəжiрибе жинақталды. Əдеби хабарлар сапасының артуына теледидарлық техниканың жақсаруы, түрлi түстi теледидардың қосылуы да игiлiктi ықпалын тигiздi.


Жан-жүректi жарып шыққан, шынайы көңiл, ыстық ықыласпен айтылған көркем сөздiң тыңдаушысын баурап алып, үлкен əсерге бө- лейтiнiн дəлелдеп жатудың қажетi жоқ. Сөз қадiрiн жоғары бағалайтын халқымыз белгiлi ақын-жазушылармен дидарласқанда, олардың терең ойды кестелi тiлмен көркем жеткiзуiн қалауы орынды. Сондықтан ақын-жазушы – бүгiнгi теледидардағы басты тұлғалардың бiрi. Олар- дан өз шығармаларын шебер оқуды, өнер мен əдебиеттiң, өмiрдiң сан саласы туралы толғамдарын ауызекi сөйлегенде бейнелi тiлмен өр- нектеуiн қалаймыз. Бұл ретте Ғ. Мұстафин, С. Бегалин, М. Қаратаев, Ə. Тəжiбаев, С. Мəуленов, Ə. Əлiмжанов, Ғ.Қайырбеков секiлдi белгiлi сөз зергерлерiнiң телеэкранға шығуы жұрт көңiлiн сергiтiп, сөз өнерi- нiң сиқыр сырын таныта түседi. Сонымен қоса, əр сөзiне бiр сүрiнiп, өз өлеңiн өзi ежіктеп оқитын авторларымыз да жоқ емес. Шешендiк – үлкен өнер. Ал теледидар халқымыздың қанына сiңген осы қасиеттi жаңғыртуға, толықтыра түсуге мүдделi болып отыр.


«Қай өнердi алсақ та, əуелде өз елiнiң халық өнерi болып, содан iл- герi қарай басқан сатысында ғана көптiкi болып, жалпы адам баласының ортақ теңiзiне барып құяды», – деген едi Мұхтар Əуезов. Жалпы театр өнерiнiң дамуы мен қазақ театрының тууына байланысты айтылған бұл ойдың теледидарға да тiкелей қатысы бар. Өйткенi теледидарлық өнер де – халықтық дəстүрдiң қайнарынан сусындап, ұлттық мiнез бен қасиеттi ашатын жаңа мазмұнды өнер.


Сатира мен юмор теледидар дүниеге келгеннен бастап экраннан өзiне лайық орнын алып келедi. Бұрын «Сатира жəне юмор», «Шым- шуыр» деген атпен шағын миниатюралардан құралған бұл хабарлар- дың арасында жұрт көңiлiнен шыққан туындылар аз емес едi. Бiрақ ол өскелең тiлектi қанағаттандыра алмады. Сондықтан редакция рес- публикамыздағы сықақшы ақын-жазушылардың көмегiне сүйене оты-


 


рып «Қымызхана» телетеатрын құруды қолға алды. Республика театр- ларында комедиялық қойылымдардың аздығын, сатираны тiкелей бағыт тұтқан арнаулы театрдың жоқтығын ескерсек, «Қымызхана» бұл саладағы алғашқы талпыныстардың бiрi. Əрине, жас отаудың кем-кетiгi аз емес шығар. Əсiресе драмалық туындылардың тапшылығы, қазақ сатирасындағы шағын скетч, интермедия, реприздердiң аздығы оның көркемдiк сапасына нұқсан келтiретiнiн айта кетпеске болмайды.


Көгiлдiр экран табиғаты баяндылықты, тұрақтылықты ұнатады. Сон- дықтан да циклды хабарлар, көп сериялы фильмдер мен қойылымдар соңғы жылдары ерекше белең алып келедi. Теледидардың осындай қасиетiн ескере отырып, редакция таяу уақытта түрiк драматургi В. Онгореннiң пьесасы бойынша екi сериялы «Əсия» атты спектакльдi, жас драматург Ə. Сараевтың «Төтенше тапсырма» атты төрт сериялы пьесасын экранға шығаруды жоспарлап отыр. М. Дүзенов пен Д. Иса- бековтың жаңа пьесалары да жұрт назарына ұсынылмақ.


Республика театрларында жүрiп жатқан таңдаулы қойылымдарды халыққа таныстыруда жəне театр өнерiнiң тарихын жасауда көгiлдiр экран тындырған iстер аз емес. Тек соңғы бiр жылдың iшiнде ғана


«Сахна» атты түрлi түстi хабардан республикамыздағы орыс, қазақ театрларының тарихын, белгiлi сахна қайраткерлерiнiң шеберлiк үл- гiсiн көрсету, ай сайын Қазақ КСР көркемөнер музейiнен жүргiзiлетiн репортаждар арқылы қазақ бейнелеу өнерiнiң сыр-сипатын таныту да халыққа эстетикалық тəрбие берудiң үлгiсi iспеттi.


Бұл айтылғандардан əдеби-драмалық хабарларда кемшiлiк жоқ деген ұғым тумаса керек. Ара-тұра сапасыз шығармалар, көркемдiк құны төмен хабарлар кездесiп қалады. Оның басты себебi – теледидарлық сценарийлердiң сапасыздығынан, бірқатар жазушылардың əдеби сце- нарий жазуға құлықсыздығынан да болып отыр. Маман режиссер, оператор кадрларының тапшылығы да сезiледi.


Қазақ телевизиясы – халқымыздың мəдени өмiрiндегi зор жаңа- лықтардың бiрi. Бiздiң ұлттық өнерiмiз табыстар биiгiнен көрiнiп отырса, бұған телевизия қосар үлес те қомақты екенi даусыз. Еңбек адамдарының көркем тұлғаларын жасау – миллиондаған көрермен алдындағы жауапты мiндет екенiн біз жақсы түсiнемiз.


«Қазақ əдебиетi» газеті, 13 маусым 1977 жыл


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу