01.03.2022
  167


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

МәйіТТі МүШЕЛЕП САуДАЛАғАНДАР

«Әр заманның өз сұрқылтайы бар», – дегендей тірі жүрге- сін жарғақ құлағың талай сұмдықты естіп, шыққыр көзің талай сорақылықты көреді екен-ау! Орыс – чешен соғысы кезінде құдайдан қорықпай, кейбір ақшаға құныққандар қа- за болған әскерлердің денесін паршалап, ішкі ағзаларын сат- қанын естіп, жағамызды ұстағанбыз. Соғыс болған жерде небір жексұрындық та қоса жүрмей ме деп, сол оқиғаны да


 


ұмыта бастағанбыз. Сөйтіп жүргенде осы Алматының өзінен өліктің мүшелерін саудалайтындар шығыпты деген жаманат хабар гу ете түсті. Оның рас екендігін Денсаулық сақтау ми- нистрлігінің жанынан құрылған комиссия да анықтады.


Сонымен мүрдені сойып, мүшелерін саудалаушылар кім- дер екеніне келейік. Оның басшысы Алматы қалалық сот – медициналық сараптау орталығының бастығы Н.Нүсіпбаев болып шықты. Алматы мүрдеханасының Н.Нүсіпбаев бас- таған қызметкерлері Германияның «Биодинамикс» фирма- сымен үш жылдан аса байланыс жасап келген. Комиссия де- ректеріне сүйенсек, ылғи бір адамның қасиетті мүшелеріне сұраныс түсіп отырған. Мысалы, бастың ми қабықшасы, жам- бас сүйектерінің басы, бөксе сүйектері, тізенің иіндері, бұл- шық еттердің нәзік қаптары, сіңірлер... тізе берсең таусыл- майды. Немістер мүрдехана қызметкерлеріне ақыларын сол бойда төлеп отырған. Әуелі мүшені мүрдеден кесіп алады да жақсылап өңдеп, тазалайды, сосын арнаулы ерітіндіге салып, консервілейді. Көп бүлінбеген жас денеден 23 түрлі мүше алынып, олар толық жабдық ретінде  16  құтыға  салына- ды. Осындай бip құты 8 неміс маркасына бағаланған. Біздің осы «адам сойғыш» мекеме жыл сайын әлемдік базарға адам ағзаларына ауыстырып салатын 10000 «запас бөлшектер» жі- беріп тұрған, Ал, кедендік тексерулерден олар мата деп көр- сетіліп, ТН, ВЭД, 300190100 деген кодпен аттандырылған. Мысалы, «Биодинамикс» фирмасына 1997 жылы 3360 түр- лі мүшелер салынған құтылардан 24380 марка пайда тап- қан. Есеп-қисап кітабына тіркелгеніндей, 1995 жылы бір мәрте жіберілген 744 қүтыдан 25356 марка түскен. Осы бір адам қолы бармайтын арсыз істен түскен ақшаға Алматы қалалық сот-медициналық сараптау орталығының  басты- ғы Н.Нүсіпбаев Германиядан бір «Мерседесті» – 18000 мар- каға, екіншісін – 22000 маркаға сатып алуын не деуге бо- лады? Жазаңды құдай берсін десек, мұндайлар құдайды не қылсын? Адам терісі мен мүшелерін сатуға бүкіл дүние жү- зінде тыйым салынған. Ұлы Жаратушының теңдессіз туын- дысы – ең кемел тіршілік иесі – Адам ағзасын паршаламау- ды Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да жыл сай- ын қатаң ескертіп жатады. Қазіргі таңда әлемде адам мүшесін


 


ауыстырып салу тек екі жерде – Лондонда және Тель-Авивте ғана бар. Жер бетіндегі діндердің барлығы да адам мүрдесін бүлдіруді, оның мүшелерін сатуды асқан айуандық санайды. Бүкіл мұсылман елдерінің ішінде – Қазақстанда ғана осындай жексұрын кәсіптің етек алуы бізге де абырой әпермесі анық. Көше толы қайыршылар мен жезөкшілер – анау, күтім көрмей ындыны кеуіп, қабарып бара жатқан қасиетті қара жер – мы- нау! Енді қалғаны өлікті сойып, мүшелеп сату еді!


Бетімен кеткен мынау бейдауа әлемге Алла тағала кәрін төкпесе не қылсын?!


«Жетісу», 16.04.1999 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу