28.02.2022
  159


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

кЕДЕйЛік – МЕМЛЕкЕТ АяғыНДАғы ТҰСАу...

 


бірақ одан құтылудың жолдарын әлі ешкім айта алмай отыр


Байлық пен кедейлік, жақсылық пен зұлымдық, ақсәуле мен қаратүнек жер жаралып, су аққалы айқасып келеді. Тағ- дыр адамдарды ала-құла қып, сағасы бір, арнасы бөлек екі өзендей бірін байлыққа, бірін кедейлікке баяғыда-ақ бет ал- ғызған деп қолды бір сілтейін десең, іргеңдегі Батыс, анау Американың күллі жұрты тоқтықтан ықылық атып отыр. Осыған қарағанда, дүние жүзі елдері арасындағы кіріс (та- быс) көрсеткіштері тіпті көңіл көншітпейді. Дүниежүзілік банктің 1998-99 жылғы әлем дамуы анықтамалығындағы көрсеткіштерге қарағанда, 1997 жылғы есеппен 6 милли- ардттай планета халқының 2 миллиарды төмен табысты, 2 миллиард 285 миллионы өте төмен табысты, 571 миллио- ны (Түркия алғаш рет осы топқа кірді) орташа табысты, 926 миллионы жоғары кірісті елдерде тұрады. Яғни, дүние жүзі халқының 15,9 пайызы жоғары, 9,8 пайызы орташа, 39,2 пай- ызы төмен, 35,1 пайызы өте төмен табыстылар қатарына кіреді. Ең бай ел Люксембургтың кісі басына шаққанда, ұлт- тық табыс мөлшері 45 мың 330 доллар болса, Мозамбикте 90 доллар ғана, яғни екі ел арасындағы айырмашылық 503 есе- ден де көп.


Дүние жүзі халкының 15,9 пайызын құрайтын жоғары кірісті елдер жалпы әлемдік табыстың 79,5 пайызына ие. Яғни, 29 триллион 925,7 миллиард долларлық дүниежүзілік ұлттық табыстың 23 триллион 802,1 миллиард доллары осы елдерге тиесілі.


Мұнан шығатын қорытынды мынау: Жер жүзіндегі эконо- микалық, технологиялық және саяси билікті өз қолдарына алған 30-ға жуық дамыған елдер басқа елдерді одан әрі ке- дейлендіріп, қанап, бағындырып отыр,


XX ғасыр адамзатқа әлеуметтік салада көңіл қуантарлық- тай нәтижелер бермеді, тіпті әлемдегі қайшылықтарды одан әрі шиеленістірді, Егер 60 жылдары байлар мен жарлылардың табысының ара қатынаеы 13:1 болса, ғасыр аяғында ол 60:1 болды.


 


Соңғы кезде Еуропада мынадай деректер тарауда. Жер жүзіндегі 2,6 миллиард адамның табысы 347 миллиардердің табысына тең.


Нағыз әділетсіздіктің шаты айрылар тұсы осы емес пе? Ендеше, келешектің жаншошырлық мылтықсыз майда-


нын жонарқаңмен сезе отырып, мына түйінге тоқтағандай боласың: тек сауатты ұлт кана мемлекет тізгінін ұстап тұра алады, тек қайсар халық қана мына бірін-бірі қиып жеп жатқан аласапыран дүниеде өмір сүруге хақылы.


Он жыл ішінде дүниенің төрт бұрышына кезек-кезек жау- таңдаған қазақ ұлты өлара кезеңді де артқа тастап барады. Көрінген халықққа еліктеудің де күні өтті, технологиялар ғасыры біздің этностың дүниетанымына да өзгеріс енгізіп жа- тыр.


Біз жаппай сауатты елміз деп мақтанамыз. Ендеше, сауат- ты бола тұра, кедейшілігіміздің сыры неде?


1999 жылдың желтоқсанында Президент Н.Назарбаев Үкіметке үш жылдың ішінде жұмыссыздық пен кедейшілікті жою жөнінде тапсырма беріп еді. Үкімет іле-шала «жұмыс- сыздық пен кедейшілікке қарсы күрес» атты, атағы дардай бағдарламасын дүниеге әкелді. Осы бағдарлама дүниеге кел- ген кезде туған бала үш рет қар басты. Ал, нәтижесі екібастан белгілі емес пе, мақтанарлық ешнәрсе көрінбейді.


Зейнеткерлер мен көп балалы аналардың бір кезде «жа- рылқаушысы» болған Коржова ханым да бұл салаға ешқандай өзгеріс әкелмеді.


Шынын айту керек, еліміздің соңғы екі жылдағы жал- пы жағдайы айтарлықтай табыс әкелді: айрықша маңызды экспорттық шикізат мұнай өндіру мен оны сыртқа шығару, әсерлеп айтқанда, күн сайын емес, сағат сайын өсуде (бұл көрсеткіштер бойынша Қазақстан ТМД мемлекеттерінің бір- де-бір елі жетпеген көрсеткіштерге жетті, өткен тарихындағы өзінің ең жоғарғы нәтижелерінен де асып түсті және жеткен жетістіктерімен тоқталып қалмай, барған сайын қарқынын арттыруда), негізінен экспортқа бағытталған экономиканың басқа салаларында да сондай көрініс. Сонымен бірге бізде, ресми мәліметтер бойынша ең жоғарғы экономикалык өсім (2000 жылы ІЖӨ 10 пайызға дейін, 2001 жылы 14 пайызға


 


көтерілді) мен ТМД-дағы ең жоғарғы еңбекақыға қол жетті, Соған қарамастан елімізде жұмыссыздық пен кедейшіліктің кең қанат жаюы қалай?


Осы орайда кедейшілік пен жұмыссыздық егіз деуге толық негіз бар. Нанбасаңыз мына деректерге назар аударыңыз. Басқасын былай қойғанда бүгінгі таңда Алматы қаласында жұмыс беруші отандық және шетелдік ірі кәсіпорындар мен комиссия басшылары еліміздің Ата Заңын аяққа басуы аз болғандай, қызметкерлерді жұмысқа аларда олардың тегіне, жынысына, ұлтына, тіліне, тұрғылықты жеріне дейін еже- леп, кемсітушіліктерін, қорлауын әлі тыймай келеді. Мысалы,


«Дело» баспа үйі «Работа» газетіне 2001 жылғы 13 қыркүйек күні жарияланған хабарландыруында офис-менеджер және хат тасушылық жұмыстарына шек қойып, тек 25 жасқа де- йінгі еуропалық қыздарды қабылдайтындығын ашық көрсет- кен.


«Роу Rodson» дүкені басшылығы бойы 175 сантиметрден аспайтын 35-40 жастағы еуропалық әйелді әкімшілік және 22- 32 жастағы қыздарды сатушылық жұмыстарға шақырып, қыр көрсетеді. «Soft Road» компаниясы және «Старая Англия» ре- стораны басшылығының осындай хабарландырулары да заң- ның талаптарынан өрескел ауытқып отыр.


Прокуратура органдары еңбекке орналастыру жөніндегі агенттікке жұмыс берушілер тарапынан өткізілген тапсы- рыстарға тексеру жүмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде Алматы қаласындағы көптеген компаниялар мен  фирма- лар жұмысқа адам қабылдауда жынысын, ұлтын және жасын айрықша атап көрсетіп, азаматтарды осылайша ашықтан- ашық қорлауға жол берген.Тіпті, «Жәрдем лтд» жауапкерші- лігі шектеулі серіктестігі, «Азия-Мост» кәсіпорындары бас- шылары еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салған заң талаптарына пысқырып та қарамаған. Ендеше, базар- ларда, темір жол бекеттерінде арбакеш болып, жөңкіліп жүр- ген қазақ жастарының сүреңсіз тірлігі қайдан бастау алып жатқанын өзіңіз де ұққан боларсыз, қадірлі оқырман. Қолын- да билігі жоқ, кеңес дәуірінде тірнектеп жинаған азын-аулақ дәулеті мен абыройынан айрылған халықтың (оның ішінде жұмысшы мен шаруа да бар) ар-намысын кім қорламай,


 


кім аяққа таптамай жатыр Халықтың игілігі үшін қызмет етуге міндетті Үкіметтің өзі халқына жиіркене қарайтын. мойынға мініп отырған, масыл ретінде бағалайтын дәрежеге жетті. Өйткені, халық одан жалақысы мен зейнетақысын, жәрдемақысын уақытында беруді, коммуналдық төлемнің әлеуметтік деңгейге лайықты болуын талап етеді. Бірді екі етудің орнына барын жоқ етіп жатқан, халық игілігін қа- дірлеуді үйренбеген, үйренгісіде келмейтін тоңмойын бас- шылар мұндай «талапшыл халықты» жек көрмегенде қайт- сін?!


Табиғат өлшемімен қарайтын болсақ, әр адамның қырық жылдай өмірі қажырлы еңбек етуге жұмсалады екен. Сол тұла бойы күш-қуатқа толы, білімді де зерделі, алымды да қарым- ды азаматтарды ұйымдастырудың, қолына еңбек құралдарын беріп, жеке басы мен отбасының, халқы мен қоғамның игілі- гі үшін еңбек етуге мүмкіндік туғызудың орнына оларды құл базарындағыдай көздерін жәудіретіп, Сейфуллин даңғылына айдап шығарды. Бұдан артық қабілетсіздік, дәрменсіздік бо- лар ма? 2001 жылдың қараша айында Атыраудағы «Теңіз- шевройл» компаниясының офисін салып жатқан «Fintraco


-ТЕРЕ» деген түрік құрылыс компаниясы басшыларының қиянатына шыдай алмаған жүздеген қазақ жұмысшылары ереуілге шықты. Түрік жұмысшылары мен жергілікті қыз- меткерлердің еңбекақысы жер мен көктей айырмашылық салдарынан осындай даудың туындағанын бұқаралық ақпа- рат құралдары көпшілікке мәлім етті. Ақырында не болды дейсіздер ғой, әбден көбеңсіген түрік басшылар ереуілшілер- дің бірнешеуін жұмыстан қуып, жергілікті еңбеккерлердің айлығына тек 10 теңге ғана қосты. Осы сорақылыққа біздің құзырлы органдар түк те істей алмады.


Мұндай әділетсіздік Қарашығанақтағы шетелдік «ССС


/ Saipem» компаниясында да қайталанды. Әлгіндей алалау- шылықтан «Харрикейн – Құмкөл»  шетелдік  компаниясы да құр алақан емес. Осы компания өткен жылы жарты мың адамды жұмыстан заңсыз босатты. Және бір айта кетерлігі, канадалық электр дәнекерлеушінің бір күндік табысы 520 доллар болса, дәл сондай жұмыс істейтін біздің дәнекершіге 9,60 доллар ғана тиесілі екен.


 


Сонда канадалық жұмысшының бір айлық табысы 15 мың доллардан асып жығылады екен-ау! «Ақтөбемұнайгаздағы» қытайлық жұмысшылар да айына 8000 АҚШ долларын ала- тынын кезінде «Алтын Орда» газеті жазды.


Өткен жылы («Новости недели», 20.XI.2001) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми- нистрлігінің мынандай мәлімдемесі жарияланды: «Республи- ка көлемінде 250 мың адам жұмыспен қамтылды, осының тек қана 8300 орны шетелдік жұмысшыларға берілді».


Егер әрбір шетелдік жұмысшы айына 8000 доллар алатын болса, оны 8300-ге көбейтсек, айына 64 миллион 400 мың доллар біреудің қалтасында кететінін балаға дейін білмей ме? Осындай алалаудан кейін отандық жұмысшылар кедей-


шілікке ұшырамағанда қайтушы еді?


Өткен жылдың қараша айындағы бір жиында Премьер- министр Қ. Тоқаев бүкілдүниежүзілік еңбек ұйымының 2002 жылы 1 миллиард адамның жұмыссыз қалатындығы туралы дерегін келтіреді, ал елімізде қаншама адамның жұмыстан заңсыз қысқарғандығын айтпайды.


Әлеуметтік саладағы ең басты, ең күрделі мәселе – зей- неткерлер мен мүгедектердің жағдайы екендігі белгілі. Өт- кен жылдың соңғы айларында зейнетақы көлемі кезекті мәр- те көтерілді деген хабар естілді. Қаржы министрлігінің мә- лімдемесінде де айтылды. Және бұл жолы зейнетақы дең- гейі «бұрынғы» және «жаңа» зейнеткерлер үшін болатын көрінеді. Мысалы, осыдан 7 жыл бұрынғы зейнетақы яғни,, 1994 жылдікі, 1156 теңгеге көбейіп, 5781 теңгеге жетеді. Ал, 1994–1998 жылдардағы зейнетақылар 5778 теңге болады. Ең жоғарғысы 1998 жылғы зейнетақылар, олар – 5973 теңгеге өседі.


Сонда ең жоғарғы деп күмпілдетіп отырғанымыз басқа- лардан тек 200 теңге артықтығы ма?


Әлеуметтік жағдайлардың индикаторы – нан қымбаттап жатқанда зейнетақыға 200 теңге қостық деп шаттана ха- барлаған Қаржы министрлігі зейнеткерлерді шын мәнінде қорлағандай болды.


Сонымен, Қазақстанда кедейшілікпен күрес қалай жүрін жатыр?


 


Өткен жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан баспасөз клу- бының ұйымдастыруымен кедейшілік мәселелері жөніндегі арнайы семинар өтті. Осы бас қосуға түрлі саланың маман- дары, журналистер, Қазақстан Республикасының Экономи- ка және сауда вине-министрі Е.Адасбаев катысты. Семинарға кедейшіліктің құйтырқыларын білетін басты маман – ҚР Ең- бек және халықты әлеуметті қорғау вице-министрі X.Өтеу- линаның түрлі сылтау айтып, келмей қалуы бұл жиынның болашағы жоқ екендігін білгендіктен болар?! Малдының беті


– жарық, малсыздың беті – көншарық» дегендей, кедейшілік те адам баласының талабын, жігерін жерге көметін зауал ғой. Қарап отырсаңыз, кедейшілік қоғамның сан алуан то- бын қамтыған. Ол – кездейсоқ табысты талғажау етіп жүрген жұмыссыздар, кедейшіліктің қамытын киген қарттар мен мүгедектер, ол – құрғақшылыққа қарсы қолданар шарасы жоқ ауылдықтар, ол – ауру сәбиі үшін жанұшырған ананың қорқынышы, ол – отбасына бір үзім нан тауып бере алмаған отағасының дәрменсіздігі, ол – балалардың жәудіреген жа- лынышты жанары, ол – босқындардың үміті, ол – түрменің түбінде өткен ғұмыр, бұзылған жолдар мен есігін қара құлып күзеткен мектептер...


Кедейшілікпен қатар жыл өткен сайын республика тұр- ғындарын түрлі аурулар меңдеп бара жатқаны да қатты алаң- даушылық туғызады. Сондықтан болар, Елбасымыз биылғы 2002 жылды «Денсаулық жылы» деп жариялады.


«Ауруын жасырған – арам өледі» дегендей, біз күні кеше- ге дейін жалпы кедейшілікті, коғамның тұлдырсыз қалған то- бын әдейі көлегейлеп жасырып келдік. Мысалы, 90 жылдар- дың басына дейін – кедейшілік түсінігінің жоқтығы, оның орнына «аз қамтылғандар» терминінің қолданылуы, әлеу- меттік көмек көрсету өлшемдерінің жойылуы (мүгедектік, көп балалалық, экологиялық апаттың құрбандары) осы дертті асқындырып жіберді.


Бүгінде Қазақстанла 2003-2007 жылдар аралығында ке- дейшілік және жұмыссыздықпен күрес бағдарламалары жа- салған. Бірақ, осы шараға бел шешіп кірісіп жатқан ешкімді көрмедік.


Жалпы кедейшілік қылмыстың өсуіне, адамгершілік және


 


мәдени құндылықтардың жоғалуына, адамның өзіне деген сенімділігінің жойылуына әкеліп соғуы арқылы қауіпті.


Бір сөзбен айтқанда, кедейшілік – мемлекет аяғындағы кісен, ал одан қалай құтылудың жолдарын әзір ешкім айта ал- май отыр.


«Заң газеті», 9.01.2002 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу