Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  373


Автор: Өріс Яшүкірқызы

РУХТЫҢ ЖАУАБЫ:

Желтоқсанда білесің ғой ояндым,
Қызыл қанға жастарменен боялдым.
Қыз
-жігіттің жігер отын лаулатып,
Түсірмедім қабақтарға қаяу мұң.
Жастар
- мені, мен
- жастарды қарсы алдым,
Қолын созды Тәуелсіздік аңсар Күн,
Жанын қиған ұрпақтармен бір болып
“Өлмейді олар, тірі” деп бір жар салдым.
Сол уақытта ұрпақ үшін сын туды,
Қайраттанған жастар алға ұмтылды.
Ұлық мұрат алдымызда тұрды да
Рух туды, рухпенен Күн туды.
Өліп жанып, тірілген мен Рухпын,
Кім көтерсе иығында шынықтым.
Балтық бойын араладым жалықпай
Өз еліме айта алмастан “Ұмыттың”.
Қайдасың деп іздеп мені сұрадың,
Мен айтайын Рухтардың тұрағын,
Эстония, Латвия мен Литвада
Ренжіме, шындық қой бұл шырағым.
Беу,Тіл
-ай,
Түсінемін шаршадың...
Саясатпен кеткен ойы баршаның,
Желтоқсанның желіндей боп жетейін,
Мені ойласаң жойылады барша мұң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу