22.02.2022
  447


Автор: Серік Құсанбаев

АҚЫН ЕЛГЕЗЕКТІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Орда бұзар отыздың қақпасын енді ғана қағуға қамданып жүрген
жас ақын қайсыбір терең толғамдарын көпті көрген қарт абыздың
көзімен көріп, соның саналы сөзімен де жеткізе білген.
Ақынның сыршыл жырларынан көптеген мысалдар келтіруге болады. Бірақ біздің мақсатымыз ол емес.
Айтайық дегеніміз: Ақбереннің өз оқырманына ағынан жарыла
білуінде. Ол жыласа не үшін жылағанын, күлсе оның да себебін жасырмай жайып салады.
Тағы бір айта кетер тұсы, Тәңірі мен періштені, имандылық пен
ибаны, ел мен жерді жырлап, ет жүрегі езіліп отырған ақыныңыз енді
бір қарасаңыз, кәдімгі шуға толы сыраханада, көк түтіннің арасында ән тыңдап отырады.
Жас ақынның жыр жинағын оқи отырып, күнделікті тірлікте
болып жататын көп дүниелерге көңіл бөлуге мәжбүр боласың. Әрине,
кез келген ақын айналасындағы құбылысты өзіндік көзбен көріп,
өзіне тән өресімен ой түйетіні белгілі. Осы тұрғыдан алғанда кей
сәттерде ақынның қайсыбір қияли сезімдердің жетегіне ере отырып, өзінше пайымды пәлсапа тұжырымдай білгеніне таңданасың.
Ол бірде көк Тәңіріні өзі барып көргісі, оған жан дүниесінің мұңын
шаққысы келеді.
Серік ҚҰСАНБАЕВ,
Айтыскер ақын,
«Дидар» газеті,
28 ақпан, 2009 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу