Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  157


Автор: Абдрахман Асылбек

Қайран заман-ай

Әнін жазған Нұрлан Байгөзов

Не жетсін алтын өмірге,
Сайран заман-ай.
Не жетсін жарқын көңілге?
Отырайықшы әр үйде,
Тамаша-думан төрінде,
Қайран заман-ай.

Қайырмасы:
Көңіліңді көтерер,
Сайран заман-ай.
Күміс күлкің шекер,
Қайран заман-ай.
Бәрі бастан өтер,
Сайран заман-ай.
Қуғанмен кім жетер,
Қайран заман-ай.

Не жетсін ойнап-күлгенге,
Сайран заман-ай.
Не жетсін бірге жүргенге,
Өмірің келте білгенге,
Өтер де кетер бір демде,
Қайран заман-ай.

Қайырмасы:

Көрінсін таңың көркем боп,
Сайран заман-ай.
Жайылсын жаның желкен боп,
Елітсін әнің еркем боп,
Бүгінгі жалын – ертең шоқ,
Қайран заман-ай.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу