Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  364


Автор: Абдрахман Асылбек

Асыл әжем

Әнін жазған Еркеш Шәкеев

Асыл әжем менің –
Асқарлы белім.
Сөздеріңді сенің
Құлағыма құйып келем.
Асыл әжем дана,
Салған жолың сара,
Сол жолыңмен жүріп келем.
Көбелектей гүлден гүл аңсаған,
Бағытымды бірден бұрам саған,
Әже.
Балғын бала сезім –
Арналады бұл әнім саған.

Қайырмасы:
Асыл әжем,
Сәл көрмесем, сағынамын.
Асыл әжем,
Шырағың боп жағыламын.
Жетелеген арманға,
Сенен ыстық жан бар ма?

Асыл әжем – панам,
Ойлан деп балам,
Ақылыңды айта бердің.
Не бір қызық, қымбат
Ертегі, жұмбақ,
Тарихымды тыңдап,
Мен өмірге қайта келдім.
Батыр екен өткен бабаларым,
Сенің де бақытты балаларың,
Әже.
Балғын бала сөзім –
Арналады саған әнім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу