Баталар ✍️

  18.02.2022
  627


Автор: Алғыс айту күні

Бүгінгі алғыс күнінде

Бүгінгі алғыс күнінде,
Ренжіскендер табыссын!
Алғыстарын білдіріп,
Шынайы қол алыссын!
Алғыс айту күнінде,
Үн қосылып үніңе.
Ізгіліктер толыссын!
Күлім қағып бұл көктем,
Жан дүниеңді жырлы еткен,
Жандансын тек әр ісің!
Қарқын алып сыйластық,
Жүректе боп қимастық.
Араз жандар табыссын!
Түсінбестік жойылып,
Алға мақсат қойылып.
Арта берсін табысың!
Қиындықтар болмасын,
Жаратқаным қолдасын!
Алғыс айту күнінде,
Бар жақсылық орнасын!
Сыйластық пен ынтымақ,
Мерекені жалғасын!
Сенімділік асқақтап,
Сенімсіздік болмасын!
Аман болып барлығың,
Бақ-береке солмасын!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу