18.02.2022
  591


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көре алмау

Жамандар жақсыларды көре алмайды.Қараңғылар жарықты көре
алмайды. Неге? Өйткені, олардың көздерін шел басқан.
Талантсыздар дарынды көре алмайды. Өйткені, өздерін дарындымыз
деп ойлайды. Көре алмау деген қызғаныш қана емес, көре білетіндерге жету
үшін жанталасқан жанбағыс, жүйріктердің алдына шықсам деген есекдәме,
алданыш. Олар сонымен-ақ күн көреді. Шындығында күнді көрмейді, күн
кешеді.
Көре білетіндер көргенді, көре алмайтындар көргенсіз болады.Көре білу
екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Ал көре алмайтындар басың көрге
кіргенше таусылмайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу