Эсселер ✍️

  18.02.2022
  1987


Автор: Алғыс айту күні

Алғыс айту — сыйластықтың белгісі

Алғыс айту — негізі адами құндылыққа жатады. Белгілі бір нәрсеге көмек берген адамға рахметін айтып, алғысын білдіру парыз болып саналады. Алғыс айтуды тек қана 1-наурызда айту болып саналмайды.Кез келген бойында адамгершілігі, мейрімділігі мен сыйластығы бар адам көрсеткен көмегіне қарай рахметін айтып, алғыстарын білдіріп жатады. Осы орайда елімізде 2016 жылдан бастап 1 наурыз — «Алғыс айту күні» болып аталып өтуде. Оны еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев аталмыш жылдың 14 ші қаңтарында Қазақстан халқы АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ құрылған күні Наурыз айының 1-ші жұлдызын «Алғыс айту күн» деп жариялаған жарлығына қол қойды.
Елбасымыз арнайы күнді белгілеп, ел ішінде сыйластық пен берекенің артуына ықпалын тигізіп отырғанын жоққа шығара алмасымыз анық. Расында да осы күнімізге шүкіршілік етіп, Жаратушы иеміз бен айналадағы ортаға рахмет айтып, алғыс білдіру адамгершілік пен сыйластықтың нығаюына үлкен ықпалын тигізері сөзсіз. 2016ж ылдан бастап аталып, мерекелік күнтізбеге арнайы белгіленген бері 1-наурыз адамдар арасында мерекелік көңіл-күйде, бір-біріне рахметін айтып, алғыс білдіру үрдіске айналғандай.

«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Эльмира Халмуратова
1 -Наурыз Алғыс айту күні ! Ия, көктем мезгілінің алғашқы күнімен қосарлана жүретін "Алғыс айту" мерекесі 2016 жылдан бері атап өтілуде.

Пікір жазу