Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  7562


Автор: Таныстыру сөздері

Студенттер арасындағы топтық сайыс

Сайыс тақырыбы: Бабадан қалған естелік
Топтың аты: «Көк бөрі» тобы
Топтың ұраны: «Бабадан қалған естелік, Жүрейік оны ескеріп!»

Ассалаумалейкум жиналған жұрт,
Сәлем бердік сіздерге біз иіліп.
Армысыздар қазылар, қарсыластар,
Бұл сайысқа келген ел бір жиылып.

Студенттер арасында үлкен сайыс,
«Бабадан қалған естелік» тақырыпта.
Бұл сайысқа асығып біз де келдік,
«Үнемізді қосайық» деп тақырыпқа.

Тобымызды атадық «Көк бөрі» деп,
Көк бөрінің ұрпағы болғандықтан.
Көк бөрідей бабаның батылдығы,
Бойымызға арнайы қонғандықтан.

Дайындық та жоғары деңгейде бұл,
Көк бөрідей шайқаста жеңілмейміз.
Қарсыластар жан-жақтан қысса-дағы,
Басты иіп сіздерге берілмейміз.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу