Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  83


Автор: Құл-Керім Елемес

ЖЫЛ КЕЛДІ

Күндізге күндіздер ілесіп,
Жылдармен жатады жыл өсіп.
Илаһи ұлы бір әмірмен,
Тұрады жалғасып бұ несіп...
Сүйсе адам Аллаһты, Иені,
Аллаһ та адамды сүйеді!
Әппақ қар Аллаһтың сыйы еді,
Тұр жауып аспаннан киелі...
Куә боп жаныма, сырыма,
Арқау боп әніме, жырыма,
Тағы бір мінеки, жыл келді,
Бөленіп Рахман нұрына!..
2009.11.8




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу