Өлеңдер ✍️

  09.02.2022
  95


Автор: Құл-Керім Елемес

БІЛ

Жұртты діннен тосқан залым оңбайды,
Хабарлы бол, Хақ қарғаған ондайды.
Хақтың дінін жаю қайта бір міндет,
Дін жаюмен адам өзін сомдайды.
Дінді тосу – Күнді тосу секілді,
Жою ол тек Хақ алдында кепілді.
Дінді тосқан бәтшағардың өмірде,
Күллі қылған жақсылығы есіл-ді.
Дінді тосу – құдайсыздық белгісі,
Дінді тосқан адамдағы нөл кісі.
Дінді тосқан лағынеттің шайтан дос,
Өзі, сөзі, барлық игі өлді ісі...
Дінді тосу – Хақты тосу Жаратқан,
Адам етіп жоқтан бар ғып жаратқан.
Дінді тосу – Хақты тосу ғаламды
он сегіз мың құзырына қаратқан.
Дінді тосу – тосуы өзін пенденің,
Дегені оның «ақиқаттан кендемін».
Құл тосқанға дін қалмайды тосылып,
Хақ мінсіз Ол,
Болғанымен сенде мін.
Дінді тосу тосқан үшін бір сынақ,
Хақ тұр тағы құлын солай бір сынап...
Дін Хақтікі, сен, бәріміз Хақтанбыз,
Хақтан келдік,
Қайтуды Оған, біл, шырақ!..
2011.9.28




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу