Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  240


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ШЫНШЫЛ АҒА

(Бейімбет Майлинге)
Қырда туған Би – ағаң
Көреді екен қиядан...
Жазады екен жалықпай,
Сиқыр жасап сиядан.
Таза жүріп күндемей,
Жаза білді үндемей.
Мырқымбай боп атанды
Мұңы бірге мың кедей.
Аңыз қылды Шұғаны,
Жұрт көңілінде жүр əлі.
Қолға ұстатып қойғандай
Бола алмайсың шүбəлі.
Айтып өтті турадан
Ойдағысын бұл ағаң.
Осы деуге келеді
Шыншыл болса бір адам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу