Өлеңдер ✍️

  02.02.2022
  5270


Автор: Таныстыру сөздері

Балабақша сайысына таныстыру

Тілі балдай баламыз,
Күннен қуат аламыз.
Алдыменен сіздермен,
Сәлемдесіп аламыз.

Айдар тегі Айжанмын,
Жақсы сөзін арнайтын.
Салтанаттың қызымын,
Қуанышты жалғайтын.

Тәтті дара сөзім бар,
Көңліңізге гүл егер.
Өнерім бар бойымда,
Шаттығыммен түрленер.

Бүгінгі бұл сайыста,
Қыздар гүлдей жайнасын.
Балабақша бағында,
Бұлбұл құстар сайрасын!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу