31.01.2022
  182


Автор: Серікбай Оспанов

Томаға

Біліп бөтен адамды,
Жақындаса, ұмтылар.
Итті, құсты, ол малды
Бүрмек болып жұлқынар.

Жолатпайды қасына,
Сақтық етпей бола ма?
Сондықтан да басына
Кигізеді томаға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу