Баталар ✍️

  26.01.2022
  5600


Автор: Жібек Ысқақова

Үйлену той тойға ұлассын!

Үйлену той тойға ұлассын,
Отауларың берік боп!
Бар жақсылық орнай берсін,
Қызыр ата серік боп!
Қадамдарың оң болсын,
Жаңа өмірге бастайтын!
Жорытқанда жол болсын,
Қуанышты тастайтын!
Екі жастың бағы жансын,
Жаратқаным жар болып!
Шілдехана той жалғансын,
Сыйластықтар бар болып!
Құдай қосқан құдалар бұл,
Аралассын тату боп!
Қуаныштар ортаймасын,
Көңілдерде шаттық боп!
Арайлы таң ата берсін,
Бұлбұл құстар ән салып!
Бар жақсылық орнай берсін,
Бақытты боп бар халық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу