Баталар ✍️

  26.01.2022
  4161


Автор: Жібек Ысқақова

Қадамдарың оң болсын!

Қанекей бата берейін,
Арта берсін мерейің.
Қадамдарың оң болсын!
Ырзықтарың мол болсын!
Тойларың тойға ұласып,
Шілдехана той болсын!
Төрге шыққан құдалар,
Құтты болсын төріңіз.
Екі жасқа бақ тілеп,
Ақ батаны беріңіз!
Құдай қосқан құдалар,
Мың жылдық қып сіздерді.
Жаратқаным жар болып,
Шаттықты етсін біздерді.
Бақытты боп екі жас,
Жалғасын жарқын іздерді!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу