Баталар ✍️

  26.01.2022
  967


Автор: Жібек Ысқақова

Тойың тойға ұлассын!

Тойың тойға ұлассын,
Екі жас бүгін бас қосқан!
Армандарың қыр ассын,
Шаттық сыйлап көк аспан!
Қанат қағып ұшыңдар,
Қос аққудай тербеліп!
Бар бақытты құшыңдар,
Бір-біріңе дем беріп!
Отауларың берік болсын,
Жақсылықтар орналып!
Шатықтарың ортаймасын,
Қуаныштар жалғанып!
Сәби үні шыға берсін,
Шілдехана той болып!
Той ұлассын тағы тойға,
Жаратқаным жар болып!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу