Баталар ✍️

  26.01.2022
  1275


Автор: Жібек Ысқақова

Үйлену тойға бата

Отауларың берік болсын,
Қызыр баба серік болсын!
Ризықтарың мол болып,
Бақыт құсы келіп қонсын!
Бастарыңнан бақ таймасын,
Шаттықтарың ортаймасын!
Жұптарың бұл жазылмай еш,
Қиындықтар байқалмасын!
Жылы болсын ұяларың,
Қонақ кетпей үйлеріңнен.
Бір болыңдар, қол ұстасып,
Ең жоғары күйлеріңмен!
Тойың тойға ұлассын,
Жақындарың боп аман!
Сәби үні жалғассын,
Іңгалаған, жылаған!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу