Өлеңдер ✍️

  20.01.2022
  260


Автор: Арман Шеризат

***

Әлемге мынау төменгі,
Қарай алмадым құлмын деп.
Жаныммен жаздым өлеңді,
Жалғаннан биік тұрғым кеп.
Өзінен кім бар аса алған,
Тағдырын жасын тасқа ұрып.
Теңіздей мұңнан жасалған,
Тамшыдай ғана жақсылық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу