18.01.2022
  242


Менің болашақ жарым

Менің болашақ жарымның салиқалы жар, сыйлы келін, аяулы ана болғанын қалар едім. Әрине, әлі маған мүлде ерте екендігін жақсы білемін. Тек маған атам-әжем, анам мен әкем жар болар адамнан қателеспе деп құлағма құйып отыратындары бар. Мен отбасындағы жалғыз бала болғандықтан мен үшін жақсы әйел алу өте маңызды.  


 


Жар деген кім? Жар сенің сүйіп қосылған махаббатың ең алдымен. Мен расымен де сүйіспеншілік, ғашықтық сезімдеріне сенемін және де болашақта махаббатпен үйленгім келеді. Екіншіден ол сенің досың. Жолдасыңмен дос бола білу де өнер. Себебі отбасында ешқандай сыр болмауы қажет, бір-бірлеріңнен сыр жасырмай, барлық нәрсені ашып айта алатын болсаң онда шын бақытты боласың деген сөз.


Мен ер бала болғандықтан болашақ жар мәселесі қазірден алаңдатқаны әбден орынды деп есептеймін. Себебі мен де болашақ жарыма әбден лайық болып, жұмысқа қабілетті, адал болып өсуге тиіспін деп санаймын. 


Менің болашақ жарымды мен әдемі, мейірімді етіп елестетемін. Оның адал болғнын, өтірік сөйлемей, сабырлы болғанын қалаймн. Бәрінен де иман жүзді болса екен, себебі мен ол үшін екі дүниеде де жауап беремін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу