Өлеңдер ✍️

  18.01.2022
  230


Автор: Жібек Ысқақова

Қаңтар айы мұңды етті (2022ж)

Қаңтар айы мұңды етті,
Дүрбелеңін орнатып.
Бұзақылар басып кірді,
Бұзақы ісін жалғатып.

Қаңтар айы мұңды етті,
Көздің жасын бұлатып.
Қазалы етті, азалы етті,
Бүкіл елді шулатып.

Қаңтар айы мұңды етті,
Қалаларды бүлдіріп.
Қазағымды қаралы етті,
Жанған оттай күйдіріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу