Өлеңдер ✍️

  15.01.2022
  156


АЙГЕРІМ САБЫР

Көкшелік жігіт

Көкшелік жігіт...
Жаныма жылу сыйладың,
Жылы жүзіңді,
Өзгеге жаным, қимадым...
Біз барған алаң,
Біз жүрген көше,
Серуен құрған қысқы түн...
Ызғарлы аяз,
Болса-дағы...
Есімнен кетпес сол бір күн.
Естелік болып,
Қалды тек.
Жазған хаттарың,
Жоғалды неге?
Күндіз де, түнде,
Іздеген мені шақтарың?!
Жан дүниемді ойрандап кеттің,
Өзіңе ғашық қылдың да.
Тек маған ғана,
Ақтарып едің,
Ақ маржанын сырдың да.
Еркелетіп ең:
«Алтын қыз», деп, –
Жанымды менің ұғатын.
Бірақ та қазір,
Алыстап кеттің,
Жүрсің неге жырақ тым?..
Махаббат деген,
Қарамайды екен,
Уақытқа да, басқаға.
Жақын боп кеттің,
Жеті күн... тек бір аптада...
124 125
Еркелетер ем,
«Аппағым» деп,
Себебі, жүзің арайлы.
Ақ таңыма да,
Айналып едің,
Күнімді еткен шырайлы.
Ерекше жансың,
Ақ жүрегіме,
Сыйлаған арман, бір үміт.
Ғашық еткен,
Ерекше сұлу,
Жанарың еді,
КӨКШЕЛІК ЖІГІТ...
P.S. МЕН СЕНІҢ ЖАНАРЫҢА ҒАШЫҚПЫН... 
ҚАЙДАСЫҢ?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу