10.01.2022
  4463


Автор: Жібек Ысқақова

Ұлым менің, келінім, бақытты бол!

Ұлым менің келінім бақытты бол,
Алдан күтіп сендерді тек ашық жол.
Қуаныш пен шаттығын сыйлай берсін,
Жаңа өмір сендерге бақыты мол.

Отауларың құтты болсын ұлым-ау,
Жарқырасын айың менен күнің-ау.
Ақ келінім қадамың құтты болып,
Тамыр жайып өсе берсін гүлің-ау.

Қол ұстасып биіктен көрініңдер,
Отауларың шаттыққа толып ұлым.
Аспандарың ашық боп, күн күлімдеп,
Әуелетіп шырқалсын ән мен жырың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу