05.01.2022
  187


Автор: Әлібек Асқаров

АЗАМАТ КелБеТі - 5

Бесінші әңгіме


Қазақтың жері жаудан тазарған соң, Уәли хан- ның тұсында ру-тайпаларды өзінің атажұртына кері көшіру науқаны басталған екен.


“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” за- манында босқындап кеткен қазақтар енді жаппай өз жерлеріне бет алады. Сонау Атырау, Жайық,


 


Орынбор мен Омбы, Құлынды мен Бараба даласына каңғып кеткен халық ес жиып, атақоныстарына көш түзейді.


Біздің Қаратай руы да босқындап, Сыр бойын- да ұзақ уақыт жан сауғаласа керек. Олар да атамекен Алтайына қарай үдере жылжиды. Каратайдың өзі Ұлытаудың (Ұлытау деп ақсақал жалпы Сарыарқаны айтып отыр. – Ә.А.) бөктерінде қайтыс болып, сол жерге жерленеді. Қазір осы Ұлытау өңірінде біздің бабамыздың зираты, сол төңіректе Қаратай деген өзен бар деседі (Қаратай өзені де, Қаратай бабаның зираты да Таятқан-Шұнақта – Ә.А.). Бұл әңгімені сол жақтың азаматтары сөз етіп отырады. Зиярат етіп барып кайтсам деп арман етем, бірақ оған жағ- дай жоқ.


Қаратайдың қалған жұрты осылайша қазіргі тұрып жаткан мекеніне көшіп келеді. Майемерден бастап Аршаты, Өрелге дейінгі алқапты мекен ете- ді. Естуімше, бұл қазақтарды сүйегі Дәулет ішінде Бәйтен болып келетін Толыбай деген батыр бас- тап әкелген. Толыбай ел билемеген, би де, болыс та болмаған, тек қол бастаған кісі екен. Толыбай бастаған топтың алғашқы тоқтаған жері бұрынғы Үлкен На- рын ауданындағы Жұлдыз ауылының жаны. Бұл жер қазір Толыбай сайы деп аталады. Ел аузындағы аңыз сөзге қарағанда, Толыбай өзінің сүйегін осы араға әкеліп жерлеуді өсиет етіпті. Ұрпақтары оның тілегін орындап, батырдың сүйегін Жұлдыз ауылының тұсына әкеліп қойыпты.


 


Катонқарағай ауданындағы Чернова ауылының батыс жағында “Толыбай” деген жер бар. Осы өңірде, биіктегі жайлау жақта “Толыбай сазы” деген тағы бір жер кездеседі. Толыбай батыр бастаған топ Үкөктің арғы жағына өтіп те мекендесе керек. Өйткені ол жақта да “Толыбай” деген жайлау бар. Белгілі жур- налист, ақын Қайырды Назырбаев осы Толыбайдың ұрпағы болып келеді. Толыбай батыр оның төртінші атасы.


Мінеки, Мәметек осы бір ел іргесі бекімеген, бұғанасы қатпаған шақта билік жасайды. Қаратай жұртын іргелі ел етеді, жұмған жұдырықтай тату- тәтті, ауызбіршілігі мол берекелі ағайын жасайды.


Жалғыз Қаратай ғана емес, Мәметек Ергенек- тінің үш баласына да – Сарыжомарт, Бура, Көк- жарлыға бірдей билік жүргізген. Баяғыда, бала жа- сымызда, үлкен кісілер әңгімесін “Мәметек хан боп тұрған заманда” деп бастайтын. Бұл сөзден Мәме- тектің каншалықты абыройға ие болғанын аңғару қиын емес.


Жау жеңілді, казақтың бәрі атажұрттарына кө- шіп барды. Уәли хан осыдан кейін енді Жеңіс тойын жасауға жарлық береді.


Екі жыл бұрын сауын айтылып, жер-жерде Жеңіс тойына дайындықтар басталады. Алтай өңі- ріндегі тойды басқару Бұқат төре мен Қамбар батыр- ға жүктеледі.


Олар тойды Зайсан жеріндегі Қара Ертістің бойында өткізуді ұйғарады. Тойға Семей, Арқа,


 


Шығыс алқабындағы барша рулар шақырылады. Тойға бәйге аттарын, айтыскер ақындарды, бал- уандарды, ойыншылар мен өнерпаздарды, әншілерді дайындау туралы билерге жарлық беріледі.


Бұл әңгімені Батырбек деген кісіден естідім. Ол кісі баяғыда Дүкен қажының шабарманы бо- лыпты. Батырбекті Дүкен қажы өзі айттырып, өзі үйлендіріпті. Соған қарағанда, сенімді шабарманы ғана емес, бауырына салып алған баласы іспетті болса керек. Мен көргенде, ол кісі Молотов ұжымшарының станында тұратын, әбден қартайған шағы екен.


Осындай жарлық Мәметекке де жетеді. Мәметек қазіргі Үлкен Нарын жерінде Көкжар-


лының жеті баласын жинап, алқалы кеңес кұрады.


Ат бәйгесіне Мәметектің атақты Қубасат де- ген қарагер атын қосуды ұйғарысады. Бұл қарагерді дөнен күнінде Тоқтамыс деген атбегі жаратып, Қобда жерінде Қытайдағы бір ұлы тойда аламан жарысқа түскен екен. Моңғол, Тибет, Қытай аттары бәсекеге түскен осы жарыста карагер бірінші келіп, ел-жұртты таңқалдырса керек.


Бұл жақтың елін Қара Ертістен Жеңіс тойына Мәметектің өзі бастап барғаны жөн деп шешеді игі жақсылар. Бірақ Мәметек бұл ұйғарымға қарсы бо- лады:



  • Қаракерейдің ұрпақтары Қожамбет пен Са- майды паналаттым. Оларды өлімнен алып кал- дым. Мені көрсе олар құн даулап, жанжал шығаруы мүмкін, – дейді.


 


Осыған тоқтап, Өтемістің бір мықты жігітін бас- шы етіп сайлайды.


Ақшаңқан екі киіз үй, сауу үшін екі үйірлі жылқы, соятын мал, сал-серілер, мергендер мен ше- шендер, балуандар мен батырлар, қысқасы Мәметек жұрты Жеңіс тойына лайықты кәдесімен барады.


Салған жерден “Мәметек кайда?” деп шүйліккен Бұқат төреге “Би қатты науқас” деп өтірік айтып, азар құтылады.



  • Мінеки, Мәметек сәлем айтып, өзінің қарагерін бәйгеге қосу үшін әдейі жіберіп отыр, – дейді.


Қубасат ертеңінде жан-жақтан жиналған бес жүзге жуық сайгүліктермен бірге бәйгеге қосылады.


Күншілік жерге бәйге аттары аттанып кетеді. Ол екі арада теңге ату, қыз қуу, аударыспақ секілді жігіттің батырлығын сынға салатын ойындар өтіп жатады. Ән шырқалып, ақындар айтысқа түседі.


Екінші күні түс ауа бәйге аттары да қылаң береді. Қалың шаңның алдында, ет пісірім ұзақта Мәметектің қарагері келе жатыр деген хабар да жетеді. Жұрт у да шу, тамашаны асыға күтіп отырады. Не заматта, көз көрім жерде бәйге аттары қылаң беріп, қалың шилі жықпылдың арасына кіре береді. Әлгі жайқалған шиден аттар бері шыққан кезде бір оқыс оқиға бо- лады... Мәметектің алда келе жатқан қарагері жоқ! Ат үстіндегі ақ байпақ киген, қолында ақ шүберегі желбіреген бала да ізім-қайым көрінбейді.


Содан дау-жанжал, жұдырақтасқан төбелес бас- талады. Біреулердің басы жараланып, біреулердің


 


көзі көгереді. Жиналған жұрттың берекесі кете бас- таған соң, ақсақалдар әр рудың үлкендерін кеңеске шақырып, жанжалды әзер қойдырады.


Соңынан әлгі жоғалған бала табылады. Бірақ қарагер қайтпайды. Баладан “Қарағым-ау, не бол- ды?” дегенде:



  • Атпен қоса ұрлап әкетті, аузыма шүберек тығып, киіз үйде жасырып ұстады, – дейді бала.


Кейіннен тойшылар аман-есен елге кайтқан соң, мұны естіген Мәметек үлкен ойға қалыпты.



  • Қаракерей ағайынның ісі ғой. Ұмытты ма деп едім, жүректерінде реніш қалған екен. Қожамбетім мен Самайым үшін қарагер садаға! – деп кесім ай- тыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу