Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  110


ГҮЛДАНА БЕКБОЛАТ

Күрсін жүрек!..

Жол жүрсең бәйек болып көз ілмейді,
Түн ауасын салқынын сезінбейді.
Қаяу салып алсақ та көңіліне,
Ботақаным, байлығым – өзің, дейді.
Аяулы ана..
перзенті дұғасында,
Қамқорлығын шынымен ұғасың ба?
Үйіңнен алыс ұзап бара жатсаң,
Анашым «аман бол» деп шығасың ба?
Бірден бір себепші жан күлгеніме,
Таң қалам, көңіл сырын білгеніне.
Еш себепсіз жадырап, шаттанады,
«Әкешім», деп еркелеп жүргеніңе.
Қос қанат, бақытымды тілеседі,
Осыдан махаббаттың гүлі өседі.
Үміттерін, мен ақтай аламын ба?
Күнде санам осы оймен күреседі.
Мазалай бер, орынды, күрсін жүрек,
Мендік көңіл бағалауды білсін, жүдеп!
Қабағыма қараған, не істей алдым?
«Анашым мен әкешім, күлсінші», деп?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу