23.11.2021
  79


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

Шанышпақ

« Ш анышпақ» өнерінде ат үсті қимылы негізгі, жаяу қимыл қо- сымша үйретіледі.


Бұл өнерді үйретуде, ең алдымен балаларға қанжар, сүңгі, найза, кездік, пышақ, жебе секілді қаруларды қалай ұстап, сақтау, қайрау жолдары көрсетіліп, онан соң, шаншу, салу, ілу, түйреу əдістеріне жаттықтырады.


Жоғарыдағы айла-тəсілдерге балалар əбден жаттығып болған соң, олардың қайсарлығы мен ерлігін, айла-тəсілге шеберлігін арттыру мақсатымен айсыз қараңғы түндерде ат үстінде шауып бара жатып найза-қылышпен жерден «қара» ілу, жылқының тезегі мен сиырдың жапасын тергізу; «қарақшы» шаныштыру, түйрету, шаптыру сияқты машықтардан бір-бірлеп өткізеді əрі қолдағы құралдарын жерге түсіп жаяу жүргенде қалай ұстап, сілтеу жолдарын үйретеді.


Шанышпақ – ұрпақтарды жүректілікке, батылдыққа, қайсарлық- қа дағдыландырады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу