23.11.2021
  77


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

Тастамақ

Тастамақ – ел ішіне кең тараған, күнделік тұрмыспен етене қабысып кеткен халықтық өнерлердің бірі. Бұл өнерге негізінен арқан,


 


құрық, жіп, бұғалық секілді заттар пайдаланылады. Ең алдымен бала- ларға арқан, жіп есіп, құрық, бұғалық жасап, тұзақ құрудың, шалма тастаудың, құрық салудың, байлаудың сан алуан айла-тəсілдері бір- бірлеп үйретіледі. Онан соң, бұзау, тайынша, қозы-лақ, құлын-тай, т.б. ұстатып, əбден машықтанғаннан кейін, атқа мінгізіп, ат үстінде асау- лар мен қашағандарға шалма тастатып, құрық-бұғалық салдырып, шу асаулар мен тарпаңдарды ноқталап, жүгендеуге жаттықтырады.


Тастамақ өнері балаларды еңбексүйгіштік пен өнерсүйгіштікке, қа- жырлылыққа, табандылыққа жетелеп, олардың дербес күн көру, қиын сəтте жол табу қабілеттерін арттырады. Сонымен бірге, ерлікке, епті- лікке баулиды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу