23.11.2021
  80


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

Жүздірмек

« Жүзуді білмеген суда жанынан айырылады, бағуды білмеген далада малынан айырылады» деп тұжырымдаған қазақ халқы, суға жүзіп шынығуды, сондай-ақ, малтудың, жүзудің қыр-сырын жастай


игеруді өте игілікті іс деп есептеп, балалар ес біліп, азамат бола бас- тағанда-ақ малту мен жүзудің сан алуан түрін үйрете бастаған. Бала- ларға бұл өнерді үйретуде, ата-аналар ең алдымен балалардың денесін суға үйретіп, төзімділік қуаты мен қарсылық қуатын арттыру үшін, күз бен қыстың суық күндерінде күніне бір рет суға түсіріп шығар- ған əрі күн өткен сайын суға түсу мерзімін лайықты мөлшерде ұзар- тып отырған. Баланы суға көндіктірудің бұл тəсілі біткен соң, суға жүзудің, сүңгудің, қалқудың, малтудың түрлі тəсілдері балалар əб- ден меңгергенше біртіндеп үйретіледі. Одан кейін қайық айдау, сал жүргізу, кеме жүргізу, шұғыл жағдайларға тап болғанда шалбар, тұлып сияқты заттарды пайдаланып адам құтқару, судағы қатерлі уақи- ғаларға төтеп беру шаралары үйретіледі. Суға жүзу баланың денінің сау болып, түрлі қауіп-қатерден тайсалмайтын батыл, ержүрек азамат етіп шығаруы үшін маңызы зор.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу