23.11.2021
  152


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

БАЛАНЫ СЫНАУ

Қазақ халқы адамның адамгершілігін,   кісілік   мəдениетін оның əрбір іс-қимылына қарап білетін сыншы халық болғандықтан, əрқандай адамның жүріс-тұрыс, бет-бейнесі, қимыл-қылығы, аман-


сəлемі, əдеп-ибасы, қонақ күтуі, т.б. жақтарына қарап, оның қандай адам, қандай ниет, қандай мақсаттағы жан екенін аңғара білген. Тіпті бесікте жатқан сəбилерге дейін сынап, олардың болашақта қандай адам болатындықтарын алдын ала жорамалдап, өз бағаларын беріп отырған. Мысалы, анасының омырауын тас қып ұстап алып емген ба- ланы «есейгенде сараң болады» десе; омырауды нарау емген баланы


«қолы ашық, жомарт болады» деп жорамалдайды.


Ал, ұйықтағанда көзін толық жұмбай ұйықтайтын ер балаларды


«есейгенде сұлу жар құшады» десе; көзін толық жұмбай ұйықтайтын қыз балалардың «серігі сері болады» деп тұспалдайды.


 


Үнемі жастықтың үстіне шығып алып, жастықты басып ұйықтай- тын бала есейгенде «бай-бақытты болады» десе; басын бүркеп алып ұйықтайтын баланы «бұйығы, сылбыр, ынжық» болады деп топшы- лайды. Бүк түсіп, қол-аяғын бауырына басып жататын балаларды


«уайымшыл, тұйық, біртоға болады» десе; шалқасынан жататын ба- ланы «ақкөңіл, ашық-жарқын болады» дейді. Ал, қол-аяғын жан-жақ- қа керіп тастап шалқадан түсіп ұйықтайтын баланы «төрт түлігі сай, ақыл-ойы терең адам болады» деп тұжырымдайды.


Кейбір сыншылар: «Кісі болар баланың кісесінен белгілі, ат бола- тын құлынның мүшесінен белгілі» деп, балалардың сыртқы кескін- келбетіне қарап та сынай білген. Мысалы, бала дөң жауырын, сом дене, шоқпар тұмсық келсе – батыр, балуан; маңдайы кең болса – бі- лімді, жайдары; құлағы үлкен əрі қалқиған болса – бақ, тəлейлі, дом- бырашы; саусақтары сүйрік əрі нəзік болса – ісмер, күйші, биші; маң- дайы тар болса – ашушаң, күйгелек, қызғаншақ; аузы мен құлағының арасы жақын болса – аузына сөз тұрмас өсекші; алыс болса – сөзге са- раң, іске шөгел; желкесі шұңқыр болса – жалқау, жайбасар, т.б. деген сияқты мінездемелер берген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу