Өлеңдер ✍️

  26.10.2021
  4145


Автор: Жібек Ысқақова

Сіңілім, туған күніңмен!

Ботадайын көздерің мөлдіреген,
Сен деп жаным жүрегім елжіреген.
Соңымнан ерген сіңілім өзің едің,
Баурап алар бұрымы желбіреген.

Бүгін сенің туған күнің құтты болсын,
Жан сіңілім, бауырым мейірімді.
Бар жақсыны тілеймін бір өзіңе,
«Ғажап өмір нұр шашқын» деп иірімді.

Қанаттарың талмасын сіңлі жаным,
Тілеймін саған тәттісін, өмір балын.
Ашық болып аспаның, күліп күнің,
Шаттығына бөлесін атар таңың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу