Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  135


Автор: Дәркен Танабаев

Айырылмастай серт беріп ек,

Айырылмастай серт беріп ек,
Салқындық бар арамызда.
Қодары жоқ бұл заман да,
Түсініспей барамыз ба?
Жатахана терезесін,
Жүрмін тағы күзетіп.
Айлы түнде ақымақ боп,
Аяғымнан сыз өтіп.
Пәк жаныңды жаралаппын,
Жүрегіңнен дерт көрем,
Жанарыңа жас тұндырған,
Мен өзімді жек көрем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу