Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  172


Автор: Дәркен Танабаев

Аласұрған бір сезім бар бойымда,

Аласұрған бір сезім бар бойымда,
Өзіңді ойлап жаным менің уайымда.
Бұлбұл сайрап тереземнің тұсынан,
Әнге салар қалқам, өзің жайында.
Күміс күлкің сыңғырлап тұр санамда,
Мөлдір көзің жанарымда жана ма?!
Қайыңдарға өзің жайлы мұң шертіп,
Дертті жандай сыймай жүрмін қалаға.
Жаның сенің енген менің жаныма,
От үрлейді тулап аққан қаныма.
Мына жүрек соғысынан жаңылып,
Шарқ ұрады қолдан ұшқан бағына.
Сен мен үшін дара өскен шынарсың,
Хаттарымнан көңілімді ұғарсың.
Күрсінерсің, өкінерсің амал не?
Тіл қатпастан үнсіз оқып жыларсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу