06.10.2021
  132


Автор: Айдар ТЕМІРБЕКҰЛЫ

"Беш бармақ" емес "Ет асу" дейді Қазақта!

"Бес бармақ" бұл сырттан келген кірме сөз. Орыстардың ұлтымызды отарлау тұсында шолақ белсенділердің ойлап тапқан қойыртпағы. Өкінішке орай соның зардабын әліде тартып келеміз. Қазақ үйіне қонақ келсе бәйбішеге қазан көтертеді. Әр қонақтың сыбағасын арнап салады. Қазақ қазанға ет асады, бес бармағын емес.

Еліміздің басқа өңірлеріндегі өз ерекшеліктеріне қарай айтылатын қазақша атаулардың барлығымен келісемін. Тек, "беш бармақ" емес. Осы бір құлаққа түрпідей тиетін сөздің кеңінен тарағаны сондай "беч хачу, беч хачу" -деп шулап жүрген жастарды талай көрдім. Қазақтың ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құметтісі саналатын ет асудың қайдағы бір "бес бармақ" сөзіне таңылып кетуі қынжылтады да. "Бес бармақ" демеңіздер! Ет, Қазақтың ең құрметті асы, құрметтілерім!

Орыс тілінен шеккен зардабымыз тіптен орасан. Әкені "папа", ананы "мама", ағаны "братан" дейтін болдық. Орыстар сұрқия саясатын жүргізе отырып ет жақын жақсыларымыздан осылай ажыратып тынды. "Жеріңді қара қытай қаптағанда, сары орыс әкеңдей көрінеді" дегенде атадан қалған сөз емес. Бұлда кешегі шолақ белсенділердің орысты құдайдай көрсету үшін ойлап тапқандары. Керісінше қазақ қиянатты орыстан көрді. Бұл сөзіме Сталиндік саяси репрессияның кезінде аштан қырылған бір жарым милион қазақтың қаны куә бола алады. Қазаққа орыстыңда, араптыңда қытайдыңда, басқаныңда жаны ашымайды. Қазақты қорғайтын қазақ қана!

Баланың туған күнінде торт үстіне шырақ жағып әкелу, оны үрлеп сөндіруде қазақ қоғамында қатты белең алып кетті. Тіпті қазақылықтың қаймағы бұзылмаған ауылғада жетіпті. Осы үрлеп сөндіргенді мүлдем қойған дұрыс, қазағым. Керсінше "Шырағың сөнбесін" дейді қазақ. "Ұрпағым үзілмсе, отым сөнбесе" деп өмір сүретін ұлтымыз үшін бұл мүлдем жат қылық. Қазақ ұғымында, отпен ойнау, отты үрлеп сөндіру жаман ырым. Одан бөлек нанның үстіне (торт) шырақ қоюда дұрыс емес. Бұл ас атасына деген құрметсіздік. Ел арасына дендеп еніп келе жатқан бұл жағымсыз үрдістен құтылуымыз керек. Жастардың жаман қылығына "тәйт!" деп отыратын үлкендерге құлақ қағыс болсын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу