18.09.2021
  1687


Мүшел 73 жасқа тілек

Шаңырағымыздың бас иесі, балаларының асқар таудай сүйеніші, немерелерінің абыздай ардақты атасы ..... жеті асудың бел ортасы - 73 жасқа толып отыр. Осынау мерейлі белесінде отағасына, әкемізге, атамызға шаңырағымыздың тамыры терең бәйтеректей тірегі болып ортамызда жүре беріңіз, деніңіз сау, тірлігіңіз қуаныш пен қызыққа толы болсын деп тілейміз.
 
Жетпіс үштің жеті белес ортасы,
Асқар таудың сияқтанған жартасы.
Өсіп, өніп қанат жайсақ бүгін біз,
Әкелікті ақтай білген арқасы.
 
Құтты болсын, жетпіс үштің белесі,
Тоқтамасын өмір-кештің кемесі.
Жамбылдайын жүз жасыңды көрейік,
Мерейтойлар тойланумен келесі!, 
- деген шынайы ақ тілегімізді өзіңізге осынау атаулы күніңізде арнағымыз келеді. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу