26.08.2021
  101


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожанасыр мен елубасы

Бір күні елубасы Қожанасырды шақырып алып:


— Қазір үйіңізге барып немесе біреуден хабар айтып, тамақ істетіңіз. Ауылымызға мыңбасы келген екен. Сізге жолығып үйіңізден дәм-тұз татпақ ойы бар, — депті.


Қожанасыр «мақұл» депті де, есегіне мініп, үйіне қарай кетіпті. Елу басы айтқан мезгілінде мыңбасыларды ертіп жетіп келеді. Қожанасырдың тар үйіне зорға сыйғызып, жайғасып отырған соң:


— Қане, қолға суыңды құя бер, — депті елубасы.


Қожанасыр олардың қолына су құйып болғаннан соң ғана:


— Әлі қазан асылған жоқ еді, — деді.


— Е, неге? — деді елубасы.


— Бәрі бар ғой, бірақ бір нәрсе жетпей, қарап қалдық.


Елубасы:


— Немене еді?


Қожанасыр оның құлағына сыбырлап тұрып, қасындағылар ға естірте:


— Сойылатын қой да жоқ, егер сатып ала қойсақ, ақшасын кім төлейді? — депті қолын омырауына қойып, құрметпен егіліп тұрып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу