Өлеңдер ✍️

  10.08.2021
  665


Автор: Дихан-Баба Әбілев

Үш жұлдыз

Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевқа

Күткені де осы еді
Өзіңді туған елінде!
Бұрын да көңіл хош еді,
Адамдық биік белгіңе!
Тіл мен сұқтан сақтасын,
Еліңді де, сені де!
Байқоңыр бүгін қақпасын
Айқара ашты көгіме!
Халықпыз ғой ежелден
Сүймейтін мақтан, дабырды.
Жырламай қалай төзем мен,
Болғанмен қанша сабырлы.
Дуласын қанша сезіммен,
Қолдан жасар жоқты кім?
Көтерілді өзіңмен
Бүгін бір тағы шоқтығым.
Жанкүйер жанның бәріне
Димаш атың қадірлі!
Елімнің дастан, әні де,
Тарих та сыртта жарыды.
Биіктей түсті Алатау,
Ақ жібек желпіп шуда бұлт!
Бүршіктер атты бақша-бау
Күлімдей түсті тума жұрт.
Перзенті асыл ұл болса,
Қуанбасқа немене!
Тарихта қалар жыр болса!
Өшпейтін болар өнеге!
Шындық атты шынардан,
Ақиық аспан шарлайды.
Қүсбегі шытып құмардан,
Қараудан көзі талмайды.
Тфа! Тфа! Тіл-сұқтан!
Көп жаса елдің бағына!
Алтын күн аспан тұнықтан,
Нұр құйсын шам-шырағыңа!
Танылар ма түнгі аспан,
Жайнамаса жұлдыздар.
Ақындар жазар жыр-дастан,
Төсінде үш жұлдыз бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу