Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  178


Автор: Сайын Назарбекұлы

Ұлыма хат

Мұнартып көзім дымданып,
Екпін жоқ сөзде, ым қалып.
Тағдырға мынау қатыгез
Отырмын жаным шын налып.
Өксікпен өткен түкірік
Өңешті кернеп ісіріп.
Бұйрықты жерге өтпейді,
Аңғаршы жайды түсініп.
Қыздырып бірақ суармай
Орынсыз қинап жігерді.
Антұрған, ессіз тәуекел
Жасытып кейде жіберді.
Алсашы мені суарып,
Салсашы тағы отқа бір.
Шабайын сосын ту алып,
Дегенше, жеттің, тоқта бір.
Шабармын, мүмкін шаппаспын,
(Бұйырмас атақ “қақпассың”).
Бұралып жатқан аш иттей
Қалпымда бірақ таппассың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу