16.07.2021
  633


Қадірлі ұстазым туған күніңіз құтты болсын!

Сіз мәнді де мағынаға толы, ұлағат пен ұжданды жанына серік қылған, ой мен ақыл және парасат пен пайымды жүрегіне жақын еткен, руханият пен білімді жас ұрпақтың тәрбиесіне қарай бағыттап отыратын Ұстаздық деп аталатын игі мамандықтың жолын қалап алған жансыз!

Құрметті ұстазым, сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбегіңізді ескере отырып, Сізге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы ісіңізге толымды табыс тілеймін!

Отбасыңыздан бірлік, құт-береке кетпесін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолыңыз тек өрлеу мен өсуге толы болсын!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу