Өлеңдер ✍️

  06.07.2021
  224


Автор: Базар Оңдасұлы

Халқымның аузын тұшыттым

Тереңдігім - теңіздей,
Қайратым - қоңыр өгіздей!
Дұшпанды талай матадым -
Тізесінен тебіздей.
Халқымның аузын тұшыттым -
Сере шыққан семіздей.
Дабысым кетті алысқа -
Жиреншенің өзіндей.
Өлшеулі болды Тәңірімнің
Ешкім ара тұрған жоқ,
Несібемді жегізбей.
Бір есіткен сөзімді
Тарқамады құмары
Ғашық боп Мақпал - Сегіздей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу