Өлеңдер ✍️

  04.07.2021
  129


Автор: Иса Байзақов

Төгілмелі

Отанымның жайнаған жасыл белі,
Гүлдің исін аңқытқан қоңыр желі,
Ен табиғат ішінде еркін өсіп,
Шырқатайын әнімен төгілмелі.

Қайырмасы:
Жаңғыртайын өлеңді сөзін талдап,
Безендіріп, түрлентіп тоқсан толғап
Толқытайын әнімен төгілмелі.

Екі ішекті домбыра қолға алайын,
Аспандағы аққуға ән қосайын,
Бозбалалар үйренсін талабы бар,
Төгілмені төгілтіп бір шырқайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу