25.05.2021
  150


Автор: Гүлтас Құрманбай

Жақсы мінез сабақтары - БОЯУЛАР ӘЛЕМІ

– Достым, сәлем! Мен табиғат аясында жүрмін. Қыстың алғашқы айы. Күн салқындай бастады. Түнде қар жауыпты. Айнала түгел аппақ. Күннің сәулесі түсіп, аппақ қар күмістей жарқырап жатыр. Мен сені ойладым. Менің досым сурет салуды жақсы көреді ме екен? Менімше, жақсы көретін сияқтысың. Ендеше, мен сені


«Бояулар әлеміне» шақырамын.


Сонымен...


Бояулар әлемі, менің досым сендерге сапар шекті. Расында, досым суретші екен. Бояулар әлеміне кіргенде мені ұмытып, әр түсті бояулармен сөйлесіп кетті.


Аппақ түсті бояу, сәлеметсің бе? Сенімен мен ақша қарды, аппақ қоянды,


әжемнің аппақ шәлісін, аспанда жүзіп жүрген ақша бұлттарды саламын.


– Керемет, әжелерге аппақ шәлі қандай жарасады. Салғаның өзіңнің әжең бе?


– Иә, менің алтын әжем ғой. Мен оны өте жақсы көремін.


–      Сары бояу, сен қандай әдемісің! Аспандағы Күннің, күнге ұқсас


күнбағыстың суретін саламын. Сен маған көмекке келесің ғой.


– Досым, күнбағысың Күнге ұқсайды екен.


–Йә, екеуі де дөңгелек, түстері де бірдей.


- Қызыл бояу, сен маған неге қарап тұрсың, тез келші деп тұрсың ба? Түсінемін, себебі сен өзіңнің сондай керемет бояу екеніңді білесің.


Қып-қызыл гүлдердің бәрінде мен сені қолданамын және тағы бір бояу бар... Айтшы ол қандай түсті бояу?


– Дұрыс айтасың ол – жасыл түс. Гүлдердің жапырақтары дерлік жасыл түсті болады емес пе? Жасыл түсті бояу, мен саған келдім. Ал неден бастаймыз?


Жасыл бояу:


– Гүлдеріңе жапырақ салмасаң, жараспай тұрған сияқты.



  • Келістік, жапырақтар салынды. Жасыл бояу, енді сені қайда апарайын?

  • Барлық жерге,– деді Жасыл мақтанып.

  • Тауға, қырға, далаға апарамын, ал тау басындағы шыңға бара алмассың. Өзеннің айналасында болғанмен, өзендегі суға түсе алмассың?


Жасыл бояу сәл мұңайып тұрды да, қуанып айғайлады:



  • Таптым, таптым, тауға шыққан адамның киімі жасыл екен, өзеннің үстіндегі дәу таста жасыл түсті әп-әдемі құс қонып отыр,– деді жасыл бояу. Әңгімелерін сырттай тыңдап тұрған мен мәз болып күлдім. Менің досым шабыттанып сурет салып жатты. Бояулар әлемінде менің досым қалып қойды, мен үйге қайттым. Менің көзімнің алдында досым салған әженің портреті, үлкен Күннің суреті елестеп тұрды.


 


Тамшы сөздер:



  • Талапты болған сайын таңдандырар ісің көп болады.

  • Өнердің де жолы болады. Оған түскен соң шыдамды бол.

  • Өнерлі адам қандай ортада жүрсе де, құрметке ие.

  • Суретші басқалар байқамағанды байқайды.

  • Суретші бояуларға тіл бітіреді.

  • Шабыт деген – өнердің ақ желкені.

  • Бояулар үндестігінен өнер туады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу