01.05.2021
  122


Автор: Мұратхан Шоқан

Махаббаттың көрін қазбайық

1.Махаббат - кілең тәтті сөздерден тұрмайды. Махаббат ашу-ызаға да, ащы сөздерге де толы.
2.Махаббат - барлық адамның қолдауына ие бола бермейді. Қалай дегенмен оның жаулары табылады. Тіпті, әке-шеше, ағайын-туыс, ет жақындарымыз махаббатымыздың жауына айналуы мүмкін. Моральдық тұрғыдан алғанда кейбір адамдар арасындағы махаббат сезімі қолдауға ие болмайды… Шынтуайтына келгенде құдай қолдамаса, адамдар арасында махаббат сезімі туылмайды. Біз кейде махаббат сезімдеріне қарсы шығып, құдайдың алдында жазықты болғанымызды білмейміз. Сөйтіп жақындарымызды махаббатынан баз кештіріп, олардың бақытсыздығына себепкер боламыз.
3.Махаббат – ең ұлы күш!
4.Махаббат машақатын тартып жүрген жандар - құдайдың назары түскен сыйлауға тұратын жандар. Олар жалаң нәпсіден биік тұра алатыны үшін құрметтеуге лайық.
5.Махаббатта өзгелердің қарсылығына ұшыраған екі адамның біреуі әлсіздік танытуы мүмкін… Бұл қателіктің орны өмір бойы толмақ емес. Күндердің-күнінде махаббатынан айрылуына себепкер болған жандардың маңайынан ғайып болғанын көреді... Бұл - махаббатына адал болмағаны үшін оған жіберілген құдайдың жазасы.
6.Гу-гу өсек - махаббаттың көріндей,
Көр қазуға шеберміз-ау ерінбей… Махаббаттың көрін қазбайық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу